ҚАЗАҚСТАНДА ЖӘНЕ ШЕТ МЕМЛЕКЕТТЕРДЕГІ ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ КРИМИНАЛИЗАЦИЯЛАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Авторлар

  • Маншук Токтарбековна Бейсенбаева
  • Лейла Муслимовна Сатанова Академия Кайнар
  • Эльмира Бахытжановна Курманалиева

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2024_76_1_193

Кілт сөздер:

әйелдер құқығы, тұрмыстық зорлық-зомбылық, заңнамалық актілер, қылмыстық жауапкершілік, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқық бұзушылық

Аңдатпа

Мақалада тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресудің халықаралық тәжірибесі қарастырылған. Посткеңестік кеңістіктегі елдердің заңнамалық тәжірибесі зерттелген. Қазақстанда күнделікті жағдайда жасалған заңсыз әрекеттерді қылмыстық жауапкершілікке тартудың орындылығы туралы мәселе көтеріліп отыр. Бұл мақалада сондай-ақ ТМД-дан тыс елдердегі жоғарыда аталған құқық бұзушылықтармен күресу әдістері қарастырылған, олардың тәжірибесін ұлттық заңнаманы әзірлеу мен жетілдіруде пайдалануға болады. Ұсынылып отырған жұмыс біздің еліміздегі тұрмыстық зорлық-зомбылықтың қазіргі жағдайы бойынша зерттеулерді және тұрмыстық жағдайда зорлық-зомбылық көлемінің ұлғайуы немесе азайуы тенденцияларын көрсететін статистикалық мәліметтерді ұсынады. Мақалада тұрмыстық зорлық-зомбылық саласындағы жақын және алыс шетелдердің заңнамалық актілеріне салыстырмалы талдау әдісі қолданылған. Зерттеудің қорытындылары алға қойылған міндеттерге сәйкес бірқатар ережелерді ұсынады, олар өсу динамикасын ескере отырып, тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағаны үшін жауапкершілікті күшейту қажеттілігі туындайды. Сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылықтың барлық түрлеріне нақты анықтамаларды белгілейтін жаңа заңнамалық акт қабылдау ұсынылады. Авторлар жаңа заңда тұрмыстық зорлық-зомбылық сияқты қоғамға қауіпті құбылыстың деңгейін төмендету үшін үйде жасалған заңсыз әрекеттерді қылмыстық жауапкершілікке тартуды ұсынады.

##submission.downloads##

Жарияланды

22.02.2024

##submission.howToCite##

Бейсенбаева , М. Т., Сатанова, Л. М., & Курманалиева , Э. Б. (2024). ҚАЗАҚСТАНДА ЖӘНЕ ШЕТ МЕМЛЕКЕТТЕРДЕГІ ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ КРИМИНАЛИЗАЦИЯЛАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 1(76). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2024_76_1_193

Журналдың саны

Бөлім

Халықаралық құқық және салыстырмалы құқықтану