ТҰРМЫСТЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚАЛДЫҚТАРДЫ ЖИНАУ ЖӘНЕ УТИЛИЗАЦИЯЛАУ ЖҮЙЕСІ: ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ, ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЕНГІЗУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ

Авторлар

  • Ерлан Майданулы Айтказин Учреждение образования «Alikhan Bokeikhan University»
  • Флюра Галимовна Ибрагимова «Alikhan Bokeikhan University» білім беру мекемесі, Семей қаласы, Қазақстан Республикасы
  • Динара Багдатовна Разиева «Alikhan Bokeikhan University» білім беру мекемесі, Семей қаласы, Қазақстан Республикасы

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2024_78_3_115

Кілт сөздер:

медицина, медициналық қалдықтар, медициналық тұрмыстық қалдықтар, утилизация, медициналық қалдықтарды жинау жүйесі, дәрі-дәрмектер, қоршаған орта

Аңдатпа

Мақала мерзімі өткен немесе пайдаланылмаған дәрі-дәрмектерден жинақталған тұрмыстық фармацевтикалық қалдықтардың бақылаусыз шығарылуына байланысты мәселені зерттеуге арналған. Авторлар аталған қалдықтардан келетін қоршаған ортаға зиянды азайтуға мүмкіндік беретін қалдықтарды басқарудың тың әдісін, нақтырақ айтқанда әлемде сәтті қоладынылып жүрген тұрмыстық медициналық қалдықтарды жинау және утилизациялау жүйесін елімізде енгізу қажеттігін алға тартып, оның құқықтық қамтамасыз етілуіне қатысты шет елдердегі тәжірибелерге шолу жасаған. Сәтті үлгілер ретінде Еуропа елдерінде қолданыстағы тұрмыстық медициналық қалдықтарды жинау мен утилизациялау жүйелері терең талданады.

Авторлар жүйені сәтті енгізу және оның жұмысын реттеу үшін арнайы заң қабылдап, еліміздің Экологиялық және Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекстеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді ұсынады. Сонымен қатар, өкілетті органдардың кейбір нормативті актілерін қайта қарап, әзірленуі тиіс заң жобасына тұрмыстық медициналық қалдықтарға анықтама беріліп, қатысушы субьектілер белгіленіп, олардың құқықтары мен міндеттері бекітілуі тиіс деп санайды.

Зерттеу нәтижесінде авторлар жүйені елімізде енгізу мен оны құқықтық қамтамасыз ету ауқымды мемлекеттік деңгейдегі атқарылуы тиіс шараларды және ресурстарды қажет ететінін ескере келе бұл өзгеріс бүгінгі күннің қажеттілігі деген түйінге келген. Сондықтан, аталған бағыттар бойынша жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясатты, қоршаған ортаны қорғау мен орнықты даму қағидаттарын енгізу қажеттігін ескере отырып, мемлекеттік органдармен, мемлекеттік емес ұйымдар және өзге де тараптармен бірлесіп мәселені қоғамдық талқылауға шығару үшін уақыт келді деген қорытынды жасалынады.

##submission.authorBiography##

##submission.authorWithAffiliation##

Ибрагимова Ф.Г. – «Азаматтық-құқықтық пәндер» кафедрасының меңгерушісі, «Alikhan Bokeikhan University» білім беру мекемесі, Семей қаласы, Қазақстан Республикасы;

##submission.downloads##

Жарияланды

30.09.2024

##submission.howToCite##

Айтказин, Е. М., Ибрагимова, Ф. Г., & Разиева, Д. Б. (2024). ТҰРМЫСТЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚАЛДЫҚТАРДЫ ЖИНАУ ЖӘНЕ УТИЛИЗАЦИЯЛАУ ЖҮЙЕСІ: ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ, ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЕНГІЗУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 3(78). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2024_78_3_115

Журналдың саны

Бөлім

Азаматтық және азаматтық-процестік құқық