ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢНАМАСЫНА ТАЛДАУ НӘТИЖЕСІ ТУРАЛЫ

Авторлар

  • Ханатұлы Хасенов Муслим

Кілт сөздер:

гендерлік теңдік, ерлер мен әйелдердің құқықтары, құқықтық талдау, құқықтық талдауқайшылықтар, қайшылықтаркемшілік, гендерлік теңдікмемлекеттік кепілдіктер, алымсақтық

Аңдатпа

Аталған мақалада ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына талдау нәтижелері келтірілген. Стратегиялық құжаттар мен халықаралық міндеттемелердің зерттеу нәтижесінде автор  жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласында қоғамдық қатынастарды реттеу Қазақстан Республикасының стратегиялық міндеттері, халықаралық міндеттемелері мен БҰҰ тұрақты даму мақсаттары қажеттіліктерін іске асырылуына бағытталғанына көз жеткізді.   

Конституциялық-құқықтық негіз келтірілген және гендерлік заңнаманың Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігі белгіленген.

Автор «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы және өзге де заңдардың нормалары арасында қайшылықтар орын алуына, сыбайлас жемқорлыққа құмарлық тудыратын факторлар мен заңның кемшіліктері болуына талдау жасаған. Атап айтқанда, Заң мен ҚР Еңбек кодексі, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңының нормалары арасында қайшылықтар анықталған. Мысалы, уәкілетті орган құзыретінің жоқтығы; экономикалық салада, кәсіпкерлікте, сондай-ақ ғылым мен спортта әйелдер мен ерлердің мүмкіндіктері мен құқықтарының теңдігі кепілдіктері; еңбек қатынастарындағы тең құқықтар мен тең мүмкіндіктер кепілдігінің жеткіліксіз деңгейі, сондай-ақ алымсақтықтан құқықтық қорғау құралдарының болмауы анықталған.

Анықталған қайшылықтар мен Заңның белгілі бір нормаларының кемшіліктері талдау нәтижесінде автор Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгертулер және толықтырулар еңгізу, сот және әкімшілік рәсімдерді жетілдіру туралы ұсыныстар әзірледі.

##submission.downloads##

Жарияланды

30.09.2019

##submission.howToCite##

Муслим, . М. Х. (2019). ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢНАМАСЫНА ТАЛДАУ НӘТИЖЕСІ ТУРАЛЫ . «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 3(57). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/1428

Журналдың саны

Бөлім

Құқықтық мониторинг