КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАСҚАРУ НЫСАНЫ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2024_77_2_85Кілт сөздер:
басқару нысаны, қазақстандық басқару моделі, өкілеттіктерді қайта бөлу, билікті бөлу, билік транзиті, қос билік, аралас басқару нысаны, супер-президенттік модельАңдатпа
Жұмыс Қазақстанда мемлекеттік тәуелсіздік алған күннен бастап және бүгінгі күнге дейін белгіленген басқару нысандарын зерттеуге арналған. 2019 жылы сәтті жүзеге асырылған биліктің демократиялық транзитінің саяси үрдісі тақырыпқа өзектілік береді. Тақырыпқа өзектілік 2019 жылы сәтті жүзеге асырылған билікті демократиялық жолмен ауыстырудың саяси үдерісі, сондай-ақ қазіргі мемлекеттік басқарудың «адамға бағдарланған» жаңа моделіне көшу береді.
Жұмыс басында Кеңес Одағының ыдырауына және жаңа тәуелсіз республикалардың пайда болуына әкелген тарихи фактілері келтірілген. Ұлтаралық және этносаралық келісімнің бұзылуы, одақтас республикалар мен орталық билік арасындағы қатынастардың шиеленісуі жағымсыз жақтар ретінде белгіленеді. Сонымен қатар, халықтардың өзін – өзі анықтау құқығы және одақтас республикалардың Кеңес Одағының құрамынан еркін шығу құқығы – жағымды жақтар ретінде белгіленеді.
Қазақстан өзі үшін қиын кезеңге өткен басқарудың суперпрезиденттік моделінің ерекшеліктері сипатталады. Суперпрезиденттік басқару формасының жағымды жақтары атап өтіледі, олардың бірегейлігі мен өзіндік ерекшелігі, авторлардың пікірінше, күмән тудырмауы керек. Санағы 90-шы жылдардан басталатын Қазақстан Республикасының тарихы таңдалған басқару моделі барлық күткеннен асып түскенін айқын көрсетеді.
Басқару нысандарының қалыптасуына әсер ететін факторлар, өзгерістерге бейім қазақстандық басқару моделінің нәзік икемділігі анықталды.
2017 жылғы ҚР Конституциялық реформаларына ұқсастықтары бар 2020 жылы Ресей Федерациясының Конституциясына енгізілген соңғы өзгерістерге назар аударылды.
Қорытындылай келе, өмірдің барлық салаларында жүргізіліп жатқан конституциялық реформалар жағдайында сөзсіз болатын Қазақстандағы мемлекеттік басқару нысандарын ауыстыру болжамы белгіленді.