ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІКТІҢ ЖАЛҒЫЗ АТҚАРУШЫ ОРГАНЫНЫҢ ЕҢБЕГІНЕ АҚЫ ЖӘНЕ ӨТЕМАҚЫ ТӨЛЕУ ЖӨНІНДЕГІ ДАУЛАР

Авторлар

  • Гаухар Даулетбаевна Байкенова

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2021_66_3_105

Кілт сөздер:

еңбек дауы, жалақы, өтемақы, өтем төлеу, жалғыз атқарушы орган, директор, басқарушы, бітімгершілік келісім, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім, дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім

Аңдатпа

Жұмыскер мен жұмыс берушінің қарым-қатынасы сөзсіз мүдделер қақтығысына толы. Атап айтқанда, мақалада атқарушы органның басшысы жұмыскер ретінде, ал жауапкершілігі шектеулі серіктестік жұмыс беруші ретінде әрекет ететін жағдай қарастырылған. Әрбір еңбек дауы сот еңбек дауына әкелуі мүмкін емес екенін түсіну керек. Осыған қарамастан, мұндай жанжалдарды еңбек қатынастары тараптары шешпей алмайтындықтан еңбек дауына әкеп соқтыратын жағдайлар жиі кездеседі. Мақалада жауапкершілігі шектеулі серіктестік түріндегі заңды тұлғаның жалғыз атқарушы органының сыйақысы мен өтемақысы туралы дауларға қатысты мәселелер талқыланады. Мақалада еңбек заңнамасы мен серіктестіктің құқықтық мәртебесін реттейтін заңнама, сондай-ақ жалғыз атқарушы органның құқықтары талданады. Қазіргі еңбек заңнамасы жұмыскердің төлем және өтемақы алу құқықтарын жеткілікті түрде қамтамасыз еткені атап өтілді. Мақалада Қазақстан Республикасының сот практикасына талдау жасалады, сонымен қатар Ресей Федерациясындағы ұйым басшысымен еңбек дауы кейбір проблемалық аспектілері туралы айтылады. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының статистикасы қойылған сұрақтардың кейбіріне жауап беруге мүмкіндік береді. Мақалада, сондай-ақ жалғыз атқарушы орган мен серіктестіктің қатысушысы бір адамнан тұратын жағдайда еңбек дауларының туындауы туралы мәселе қарастырылған. Еңбек жанжалы туындаған жағдайда еңбек дауын шешу тәртібі егжей-тегжейлі талқыланады. Атқарушы органның басшысы мәлімдей алатын талаптар талданды. Мұндай дауларды сотта қарау рәсіміндегі бар кемшіліктерді ескере отырып, бұл зерттеудің мақсаты жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жалғыз атқарушы органымен еңбек дауларын қарау тәртібін жетілдіру болып табылады.

##submission.downloads##

Жарияланды

30.09.2021

##submission.howToCite##

Байкенова, Г. Д. (2021). ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІКТІҢ ЖАЛҒЫЗ АТҚАРУШЫ ОРГАНЫНЫҢ ЕҢБЕГІНЕ АҚЫ ЖӘНЕ ӨТЕМАҚЫ ТӨЛЕУ ЖӨНІНДЕГІ ДАУЛАР. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 3(66). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2021_66_3_105