ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ РИЭЛТОРЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ ТУРАЛЫ МӘСЕЛЕСІНЕ

Авторлар

  • Асель Габиденовна Казбаева
  • Сергей Иванович Климкин

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2024_76_1_204

Кілт сөздер:

риэлтор, риэлторлық қызмет, құқықтық мониторинг, жылжымайтын мүлік мәмілелері, , риэлторларды лицензиялау, өзін-өзі реттеу, құқықтық реттеу

Аңдатпа

«Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК Заңнаманың тиімділігін талдау бөлімі заңнаманы жетілдіру мақсатында нақты ұсыныстар әзірлеу жөніндегі мәселелерді тұрақты негізде қарастырады, олар тұтастай алғанда Қазақстан Республикасының құқықтық саясатын іске асыруға ықпал етуі тиіс.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»[1] және «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті Қ-Ж.К. Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын[2] орындау мақсатында жұмыс өткізілуде. Осы жұмыс шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі құқықтық реттеудің түрлі салаларында заңнаманы дамыту бойынша ауқымды жұмыс жүргізуде.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жұмысына құқықтық қолдау көрсету, сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмаларын іс жүзінде іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасында заң жобалау қызметін ғылыми қамтамасыз ету мәселесін пысықтау қажет. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы өзінің келесі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі»[3] атты Қазақстан халқына Жолдауында іргелі ғылыммен айналысатын ғылыми-зерттеу институттарын тікелей қаржыландыруды енгізуді тапсыра отырып, ғылымды норма шығармашылығына тарту жөніндегі ниетін бекітті.

Бұл мақала Қазақстан Республикасындағы риэлторлық қызметтің тиімділігін талдауға, сондай-ақ дербес құқықтық реттеуді енгізудің орындылығы туралы мәселеге арналған. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасындағы риэлторлық қызметті қолданыстағы құқықтық реттеу мәселелері қарастырылды. Осы қызметті құқықтық реттеудегі бар проблемаларға неғұрлым жоғары құқықтық күштің нормативтік құқықтық актілеріне қатысты қысқаша салыстырмалы талдау жүргізілді. Риэлторлар бойынша жекелеген құқықтық реттеуді енгізудің Қазақстан Республикасының стратегиялық мақсаттарына сәйкестігі мәселесі бойынша қорытындылар жасалды. Бұл мәселенің жекелеген қазақстандық сарапшыларының пікірлері пайдаланылды.

 

[1] «Стратегия «Казахстан-2050»: новый политический курс состоявшегося государства». Послание Президента Республики Казахстан - Лидера нации Н.А. Назарбаева народу Казахстана, г. Астана, 14 декабря 2012 года // https://adilet.zan.kz/rus/docs/K1200002050 (жүгінген күні: 03.12.2023)

[2] Токаев К-Ж.К. Послание народу Казахстана от 1 сентября 2020 г. «Казахстан в новой реалии: время действий» // https://www.akorda.kz/ru/addresses/addresses_of_president/poslanie-glavy-gosudarstva-kasym-zhomarta-tokaeva-narodu-kazahstana-1-sentyabrya-2020-g (жүгінген күні: 03.12.2023)

[3] Послание Главы государства Касым-Жомарта Токаева народу Казахстана «ЕДИНСТВО НАРОДА И СИСТЕМНЫЕ РЕФОРМЫ – ПРОЧНАЯ ОСНОВА ПРОЦВЕТАНИЯ СТРАНЫ» от 1 сентября 2021 года // https://www.akorda.kz/ru/poslanie-glavy-gosudarstva-kasym-zhomarta-tokaeva-narodu-kazahstana-183048 (жүгінген күні: 22.12.2023)

##submission.downloads##

Жарияланды

29.03.2024

##submission.howToCite##

Казбаева A. G., & Климкин S. I. (2024). ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ РИЭЛТОРЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ ТУРАЛЫ МӘСЕЛЕСІНЕ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 1(76). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2024_76_1_204