ICAO-НЫҢ АЗАМАТТЫҚ ӘУЕ КЕМЕЛЕРІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ- ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕГІ РӨЛІ

Авторлар

  • Айнаш Ануарқызы Сейтжан Нархоз университеті
  • Райхан Куандыковна Нуранова Нархоз университеті
  • Айгерим Адиловна Аралбаева Нархоз университеті

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2024_79_4_216

Кілт сөздер:

ICAO, азаматтық авиация, Чикаго конвенциясы, БҰҰ, халықаралық стандарттар, ұшу қауіпсіздігі

Аңдатпа

Қазіргі әлемде азаматтық авиация жабдықтармен қамтамасыз ету саласында, басқару және ұшақ жасау жүйесінде барлық жаңа технологиялар мен ғылыми жетістіктерді пайдаланатынына қарамастан, ұшақ апаттары әлі де адамдардың жаппай қырылуына әкеліп соқтыратынын атап өткен жөн. Дегенмен, авиация басқа көлік құралдарына қатысты ең сенімді көлік түрі болып қала береді. Азаматтық авиация пайда болғаннан бері ұшу қауіпсіздігі әрқашан маңызды мәселе болды және болып қала береді. Осы себептен Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) мекемелерінің бірі ретінде Халықаралық азаматтық авиация ұйымы - International Civil Aviation Organization (ICAO) құрылды. ICAO 1944 жылғы Чикаго конвенциясының ІІ бөлімінің ережелері негізінде құрылды және 1947 жылдың 4 сәуірінен бастап жұмыс істейді. Бұл ұйым халықаралық деңгейде азаматтық авиация нормаларын белгілейді және қауіпсіздікті арттыру мақсатында авиатасымалдарды үйлестіруді, сондай-ақ дамытуды жүзеге асырады. ICAO мақсаттары мен міндеттері «Чикаго конвенциясы» деген атпен танымал «Халықаралық Азаматтық авиация туралы Конвенцияның» 44-бабында тұжырымдалған. Аталған құжат бүкіл әлем бойынша Халықаралық азаматтық авиацияның қауіпсіз және тиімді дамуын қамтамасыз ету үшін ICAO-ға жауапкершілік жүктейді. Сонымен қатар, «Чикаго конвенциясы» стандарттар мен ұсынылған тәжірибені қабылдау арқылы халықаралық аэронавигацияның бірыңғай режимін реттейді және қамтамасыз етеді. Қазақстан 1992 жылы ICAO мүшелігіне кірді. Қазақстан қазіргі уақытта, азаматтық авиацияны басқарудың Еуропалық моделіне көшті. 2019 жылдан бастап «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» акционерлік қоғамы құрылды. Бұл әкімшілік Қазақстан аумағына да, одан тыс жерлерге де ұшу қауіпсіздігін техникалық бақылау мен қадағалауға жауапты.

##submission.downloads##

Жарияланды

11.11.2024

##submission.howToCite##

Сейтжан , А. А. ., Нуранова, Р. К. ., & Аралбаева, А. А. . (2024). ICAO-НЫҢ АЗАМАТТЫҚ ӘУЕ КЕМЕЛЕРІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ- ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕГІ РӨЛІ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 4(79). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2024_79_4_216

Журналдың саны

Бөлім

Халықаралық құқық және салыстырмалы құқықтану