ҚАРЖЫ ҚҰРАЛДАРЫ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ОБЪЕКТІЛЕРІ РЕТІНДЕ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2025_80_1_104Кілт сөздер:
азаматтық құқық объектілер, форвард, своп, фьючерс, қаржы құралдары, облигациялар, опциялар, бағалы қағаздарАңдатпа
Мақала азаматтық құқықтық қатынастар объектілерінің бірі-қаржы құралдарына арналған. Қазіргі қоғамда бизнесті тиімді басқару үшін қаржы құралдары қажет, олар стратегиялық шешімдер қабылдауда, қаржылық процестерді оңтайландыруда және экономиканың тұрақтылығы мен өсуін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар, қаржы құралдары кірістер мен шығыстарды болжауға және бақылауға, тәуекелдерді басқаруға, инвестицияларды тартуға және қаржылық операцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Осыған байланысты, мақалада авторлар шаруашылық жүргізуші субъектілердің инвестициялық белсенділігін, олардың бәсекеге қабілеттілігін, жалпы ұлттық экономиканы арттыратын қаржы құралдарын практикаға енгізу қажеттілігін көрсетеді. Мақалада авторлар қаржы құралдарының анықтамаларын, шетелдік және отандық ғалымдардың мәліметтерін, нормативтік құқықтық актілер мен халықаралық құжаттарда көрсетілген анықтамаларды ұсынады.
Мақала авторлары қаржы құралдарының негізгі белгілерін көрсетеді: болашақ ақша ағындарын құру қабілеті, ұйымдасқан және ұйымдастырылмаған нарықтарда сауда жасау қабілеті, ақшалай құндылықты сақтау қабілеті, келісімшарт түрінде заңды нысаны бар. Сонымен қатар, мақалада авторлар тәуекелді азайту, қысқа мерзімді пайда алу, қаржыландыру көздерін жұмылдыру және қаржылық операцияларды жеңілдету болып табылатын қаржы құралдарының артықшылықтарын анықтайды.
Авторлар тақырып бойынша біршама қорытындылар жасап, қаржы құралдарының екі түрі бар: бастапқы және туынды - деп пікір білдіреді. Бастапқы қаржы құралдары - бұл белгілі бір қаржылық активті сатып алуды-сатуды немесе жеткізуді-алуды көздейтін, нәтижесінде өзара қаржылық талаптар туындайтын қаржы құралдары. Туынды қаржы құралы - бұл болашақта оның тараптары арасындағы болашақ баға бойынша ақшалай есеп айырысу жүзеге асырылатын шарт.