АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРДЫҢ АРАҚАТЫНАСЫ: COVID-19 ТӘЖІРИБЕСІ НЕГІЗІНДЕ

Авторлар

  • Зарина Нурбековна Аманжолова КазГЮУ

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2024_77_2_327

Кілт сөздер:

адам құқықтары, азаматтық құқықтар, COVID-19 коронавирустық пандемиясы, төтенше жағдай режимі, еркін жүріп-тұру құқығы, жеке мүліктік емес құқықтар, азаматтық қатынастар

Аңдатпа

Қоғамның қалыпты өмір салтына орасан зор ықпалын тигізген COVID-19 коронавирустық пандемиясының негізінде енгізілген төтенше жағдай режимі уақытында адамдар мен азаматтардың халықаралық және ұлттық деңгейде нормативті құқықтық актілерінің нормаларымен кепілдік берілген және қорғалатын құқықтары мен бостандықтары шектелген болатын. Оның ішінде, адамдардың Қазақстан Республикасының аумағында еркін жүріп-тұру құқығы қолданылған уақытша шектеу шараларының әсерінен жан-жақты шектелген еді. Өйткені, ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілген уақытша шектеу шараларын зерттей келе, адамдардың еркін жүріп-тұру құқығы барлық шаралардың бастауында тұрғандығы анықталды.

Сәйкесінше, осы «еркін жүріп-тұру құқығы» негізінде мақала аясында «адам құқығы» мен «азаматтық құқық» ұғымдарының арақатынасын түсіну қажеттігі туындады, өйткені шектелген құқықтар мен бостандықтардың санатына қарай оларға қолданылатын заңнамалық актілер мен нормаларда бірдей болмауы мүмкін. Бұл категориялар жалпы адамгершілік принциптеріне негізделген, біртұтас құқықтық негізге ие және жеке тұлғаның құқықтық мәртебесінің құрамдас бөліктері болып табылады. Бұл құқықтар өзара байланысты құбылыстардың күрделі жүйесі болып табылады. Сол себепті адам құқығы мен азаматтық құқық санаттарын мұқият салыстыру, олардың өздеріне тән белгілері мен классификациясын қарастыру арқылы олардың арасындағы байланыстарды ашып көрсету бұл түсініктердің мәнін тереңірек айқындауға мүмкіндік беретіні анық.

Бұл жолда автормен халықаралық және отандық деңгейде нормативтік құқықтық актілердің нормалары салыстырылып зерттеле келе, азаматтық құқықтардың адам құқықтарына негізделетіндігі айқындалды. Алайда, адам құқықтары мен азаматтық құқықтардың шектелу тәртібіне келгенде заңнамалық актілердің нормаларында шикіліктің бар екендігі айқындалды.

##submission.downloads##

Жарияланды

28.06.2024

##submission.howToCite##

Аманжолова , З. Н. (2024). АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРДЫҢ АРАҚАТЫНАСЫ: COVID-19 ТӘЖІРИБЕСІ НЕГІЗІНДЕ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 2(77). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2024_77_2_327