ПРОФЕССОР Е.М. АБАЙДІЛДИНОВТІҢ «БІРЫҢҒАЙ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КЕҢІСТІКТІҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУІ АУҚЫМЫНДА ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ҰЛТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ САТЫЛАРЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ» ҒЫЛЫМИ ЖАРИЯЛАНЫМЫНА ҚАЙТА ОРАЛҒАНДА
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2021_66_3_129Кілт сөздер:
нормалардың иерархиясы, интеграциялық құқық, ЕАЭО, нормалардың басымдығы, ұлттық және интеграциялық құқықтың арақатынасыАңдатпа
Аталған мақалада Е.М. Абайділдиновтың 2012 жылы № 3 (27) Қазақстан Республикасы Заңнама институтының Жаршысында жарияланған «Бірыңғай экономикалық кеңістіктің жұмыс істеуі жағдайында қолданыстағы ұлттық құқық иерархиясының мәселелері» мақаласы талданады. Мақаланың Еуразиялық экономикалық одақ әлі жұмыс істей бастаған кезеңде шығарылғанын ескере отырып, интеграциялық бірлестік құқығы мен ұлттық құқықтың өзара іс-қимылының болашақ шарттарына қатысты ғылыми қоғамдастық пікірлерінің өзгеру траекториясы ғылыми қызығушылық тудырады.
Аталған мақаланың авторы профессор Абайділдиновтың мақаласының ережелеріне ретроспективті талдау жүргізеді. Атап айтқанда, автор қазіргі интеграциялық бірлестік аясында нормалар иерархиясын анықтауға деген көзқарас қаншалықты өзгергенін анықтау мақсатын қойды. ЕАЭО туралы шарт нормаларының біркелкі қолданылуы, сондай-ақ олардың мүше мемлекеттер заңнамаларының нормаларымен өзара іс-қимылы интеграцияның тиімділігіне тікелей әсер етеді. Осыған орай шетелдік ғалымдардың пікірлері, ҚР Конституциялық Кеңесі мен ҚР Жоғарғы Сотының ұстанымдары, сондай-ақ ЕАЭО туралы шарт нормаларының мүше мемлекеттер аумағында біркелкі қолданылуына жауапты орган ретіндегі ЕАЭО Сотының ұстанымы зерделенді.
Зерттеу барысында автор құқықтық актілер мен халықаралық шарттарды реттеу саласындағы ұлттық заңнамада болған өзгерістерге қарамастан, Е.М. Абайділдинов ұсынған ұлттық НҚА иерархиясы және интеграциялық бірлестік актілерінің басымдығы мәселелері бүгінгі күні қалыптасқан мемлекеттің ұстанымына және ЕАЭО Сотының практикасына жауап береді деген қорытындыға келді.