КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ «ЖЕКЕ БАС БОСТАНДЫҒЫ» ЖӘНЕ «ЖЕКЕ БОСТАНДЫҚ» ҰҒЫМДАРЫН ТҮСІНУГЕ ҚАТЫСТЫ МӘСЕЛЕГЕ
Кілт сөздер:
конституциялық құқық, құқық, адам құқықтары, жеке құқықтар мен бостандықтар, жекетұлғаның бостандығы, жеке бастың бостандығына құқықАңдатпа
Адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету қоғам мен мемлекеттің маңызды міндеті болып табылады.
Осы мақаланың мақсаты «жеке бас бостандығы» және «жеке бостандық» ұғымдарын, сондай-ақ олардың конституциялық құқықтағы арақатынасын қарау болып табылады.
Мақалада COVID-19 пандемиясы бүкіл әлемдегі адам құқықтары саласындағы теңдессіз сын-қатерлерге әкеп соқты. Осыған байланысты «бостандық» ұғымын зерттеу өзекті болып табылады, бұл ретте мақалада адам әлеуетін кедергісіз ашу мүмкіндігі ретінде бостандықтың ішкі мәніне ғана емес, оның сыртқы және объективті негіздемелеріне де назар аударылады.
Адамның және азаматтың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерін зерттеу кезінде жеке бас бостандығы басты «бастапқы» ұғым болып табылады. Егер адам тиісті дәрежеде еркіндікке ие болмаса,онда ол тиісінше өз құқықтарын толық иелене және жүзеге асыра алмайды. Тек «еркіндік» ұғымы тұлғаға оның құқықтарын нақты табуға және оларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, авторлар жеке тұлға мен қоғамның өзара қарым-қатынастарындағы бостандық әлеуметтік нормалар мен құндылықтар жүйесімен тығыз байланысты өте күрделі және қарама-қайшы феномен болып табылатынын атап өтті.
Мақала авторлары нормативтік және ғылыми дереккөздерді жүйелі талдау негізінде «жеке бас бостандығы» және «жеке бостандық» конституциялық-құқықтық дефиницияларын ашады.
Мәселен, атап айтқанда, авторлар жеке бас бостандығы деп, егер осы құқықтар мен бостандықтарды жүзеге асыру басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбаса, сондай-ақ конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа қол сұғылмаса, адамның және азаматтың Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында көзделген өзінің құқықтары мен бостандықтарын қандай да бір шектеулерсіз жүзеге асыру мүмкіндігін түсінеді.
Осы құқықтық ұғымдардың арақатынасын қарастыра отырып, авторлар «жеке бостандық»және «жеке бас бостандығы»ұғымының құрылымдық элементі болып табылатынын, ал адамның және азаматтың конституциялық жеке құқықтары мен бостандықтары негізгі құқықтар мен бостандықтардың конституциялық-құқықтық институтының құрамдас бөлігі болып табылатынын белгіледі.