ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢНАМАЛЫҚ АКТІЛЕРІНДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ҚОЛДАНУ САЛАСЫНДАҒЫ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЗАҢДЫЛЫҚТЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ

Авторлар

  • Сара Кимадиевна Идрышева

Кілт сөздер:

конституциялық заңдылық, мемлекеттік тіл, мемлекеттік тілді қорғау, заңдар сатысы, заңдар мәтіндерінің теңтүпнұсқалығы, Конституциялық Кеңес, заңды конституциялық талапқа сай емес деп тану, заңның мәнін бұрмалау, тіл саясаты

Аңдатпа

Мақалада әр түрлі мемлекеттердің мемлекеттік тілдің мәртебесі туралы заңнамасы және оны қорғау бойынша шаралар қарастырылған; Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мемлекеттік тіл туралы заңнаманы сақтау саласындағы конституциялық заңдылықтың жай-күйін бақылау жөніндегі қызметіне шолу жасалған. Сонымен бірге, бірнеше заңдарды конституциялық талапқа сай емес деп тану негіздерінің бірі - олардың мәтіндерінің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бірізділігі сақталмаған фактілері анықталған.

Автор азаматтық заңнаманы қате аударудың көптеген мысалдары бойынша заңшығарушылық процестегі бұзушылықтардың нәтижесінде заңнамалардың мемлекеттік тілдегі мәтіндердегі құқықтық нормалардың мәнін едәуір бұрмалауға әкелетінін негіздейді. Автордың пікірінше, бұл жағдай мемлекет халқының негізгі бөлігінің мемлекеттік тілді пайдалану туралы конституциялық құқығын бұзады және оларды тіл негізінде кемсітуіне әкеледі.

Жұмыста заңдар мәтіндерінің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түпнұсқалылық талаптарының бұзылуына ықпал ететін кейбір себептер талданады. Сонымен бірге Конституцияның және мемлекеттік тіл туралы басқа да заңдардың талаптарын бұза отырып заң жобаларын жасайтын мемлекеттік органдардың рөлі атап өтілді.

Конституциялық заңдылықты бұзу факторларының арасында мақалада орыс тілінде актілерді ерекше жағдайларда жазуға болатын туралы нормасы, тәжірибеде керісінше, жалпы норма ретінде қолдануы кең орын алғаны туралы кемшіліктер келтірілген. Мемлекеттік тіл туралы заңнаманың бұзылуына әкелетін тағы бір жағдай - бұл мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік тілді білуі туралы талаптардың болмауы және заң жобаларын әзірлеуші болып табылатын мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды тұлғалары үшін құқықтық жауапкершілік шаралары көзделмегендігі деп пайымдалған.

Қорытындылай келе, автор мемлекеттік тілдегі заңнама саласындағы конституциялық заңдылықты нығайту бойынша белгілі бір шараларды ұсынады.

 

##submission.downloads##

Жарияланды

30.09.2020

##submission.howToCite##

Идрышева, . С. К. (2020). ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢНАМАЛЫҚ АКТІЛЕРІНДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ҚОЛДАНУ САЛАСЫНДАҒЫ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЗАҢДЫЛЫҚТЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 3(61). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/151

Журналдың саны

Бөлім

Конституциялық және әкімшілік құқық