КИБЕРҚЫЛМЫСТЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕСЖҮРГІЗУ МӘСЕЛЕЛЕРІ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТӘЖІРИБЕСІ

Авторлар

  • Айжан Муратовна Сатбаева Кенжеғали Сағадиев атындағы Халықаралық Бизнес Университеті https://orcid.org/0000-0002-4240-3874
  • Алида Робертиновна Алимбетова Алматы гуманитарлық-экономикалық университеті
  • Мәншүк Тоқтарбекқызы Бейсенбаева Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2024_78_3_211

Кілт сөздер:

киберқылмыс, киберқауіпсіздік, халықаралық ынтымақтастық, халықаралық-құқықтық реттеу, киберқылмыспен күрес, Киберқылмыстар туралы конвенция

Аңдатпа

Зерттеу халықаралық ынтымақтастық тәжірибесі контекстінде киберқылмыспен күрес мәселесіне арналған. Постиндустриалды қоғамнан ақпараттық қоғамға үздіксіз трансформациялау үрдісінде: процестерді жаһандық ақпараттандыру және цифрландыру жеке өмірге араласу қаупі, деректердің ұрлануы және құпиялылықтың бұзылуы тенденциясына әкелетіні анықталды.

Халықаралық құқықтық актілерді талдау өзара қарым-қатынастардың тиісті саласын халықаралық-құқықтық реттеудің бағдарламалық, стратегиялық актілері негізінде Біріккен Ұлттар Ұйымының қамқорлығымен мемлекеттердің киберқылмыстылықпен күресудегі ынтымақтастығын кеңейту қажеттілігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік берді. Киберқылмыстылықпен күресу бойынша ұйымдастырушылық және заңнамалық шараларды құру мен дамытудың, әртүрлі мемлекеттердің құзыретті органдарының өзара іс-қимылын жақсартудың маңыздылығы, сондай-ақ киберқылмыспен күресу бойынша әмбебап конвенцияларды әзірлеу және қабылдау қажеттілігі атап өтілді.

Мақала авторлары ақпаратты тасымалдау көлемінің ауқымды өсуі мүдделі АКТ пайдаланушылардың өздері де, мемлекеттік ақпараттық қауіпсіздік пен тұрақтылықтың кепілі – үкіметтер де деректерді қорғаудың шекті деңгейін қамтамасыз ету қажеттілігін талап етеді. Халықаралық нормативтік-құқықтық база мәселені үш бағытта шешуді қарастырады: ұлттық заңнамалар арасындағы қайшылықтарды азайту, билік органдарының жаңа өкілеттіктерін енгізу және халықаралық ынтымақтастыққа жәрдемдесу.

Қазақстан Республикасында кибертерроризммен және киберқылмыспен күресу бойынша бүгінгі таңда интернетте жасалып жатқан қылмыстардың барлық кешенін қамтитын құбылыс ретінде кешенді зерттеулер жүргізілмегені дәйектеледі.Зерттеу Қазақстан Республикасының заң шығарушы және құқық қорғау органдарының қызметіне талдау жасай отырып осы олқылықтың орнын толтырады.

Авторлар компьютерлік және интернет-технологиялармен, соның ішінде кибербуллингпен, өндіріспен байланысты қылмыстардың кең ауқымымен күресті күшейту үшін 2003 жылғы сәуірде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі «К» дирекциясының құрылуы сынды, сонымен қатар контрафактілік бейне дискілерді, экстремизмді, терроризмді, қатыгездік пен зорлық-зомбылықты насихаттайтын ақпаратты тарату сияқты оң аспектілерге назар аударады.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ақпарат және коммуникациялар саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтарға арналған 7-тарауын ғылыми айналымға енгізуге түрткі болды: Киберқауіпсіздік тұжырымдамасы («Қазақстанның киберқалқаны»); 2023 жылы  енгізілген пилоттық жобасы  елдің азаматтары мен бизнесін киберқауіптерден қорғау үшін полицияның арнайы «Киберпол мақсатты-соққы тобы» кибер бөлімшесін, Cyberpol Strike Task Force құрды.

##submission.authorBiography##

##submission.authorWithAffiliation##

Кенжеғали Сағадиев атындағы Халықаралық Бизнес Университетінің «Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар» кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты

##submission.downloads##

Жарияланды

30.09.2024

##submission.howToCite##

Сатбаева, А. М., Алимбетова , А. . Р. ., & Бейсенбаева , М. Т. . (2024). КИБЕРҚЫЛМЫСТЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕСЖҮРГІЗУ МӘСЕЛЕЛЕРІ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТӘЖІРИБЕСІ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 3(78). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2024_78_3_211

Журналдың саны

Бөлім

Халықаралық құқық және салыстырмалы құқықтану