КИБЕРБУЛЛИНГ ЖӘНЕ СӨЗ ТЕҢДІГІ ҚҰҚЫҒЫ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2025_80_2_26Кілт сөздер:
интернет, сөз бостандығы, киберқорқыту, мораль, киберкеңістік, өзін-өзі реттеуАңдатпа
Бұл мақаланың өзектілігі Интернет азаматтық құқықтар мен бостандықтарды, соның ішінде сөз бостандығын жүзеге асырудың маңызды алаңдарының біріне айналды.
Қазіргі әлемде ақпараттық технологиялар адамның әлеуметтік өмірінің маңызды бөлігін алады. Интерент және өзге де әлеуметтік желілердің танымалдығы барған сайын арта отырып, адам құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асырудың нақты құралына айналуда. Әлемде әрбір екінші адам заманауи байланыс құралдарын пайдалана отырып, өз идеяларын, жобаларын жүзеге асыра алады, интернет кеңістігінде үлкен аудиториямен пікір бөлісе алады. Бірақ бұл жаңа киберкеңістікте адамның құқықтары мен бостандықтарын бұзу үрдісі байқалады.
Пікір білдіру еркіндігі мен ақпарат алмасу, ақпаратқа еркін қол жеткізу мүмкіндігін интернет кеңістігінде қолданудың шегін нақтылау маңыздылығы қазіргі таңда анық байқалуда. Себебі аталған мүмкіндіктерді асыра пайдалану оның жағымсыз салдар тудыруына себеп болуда. Ақпараттық кеңістіктегі жүріс-тұрыс мәдениетін қалыптастыру жеке тұлғаның құқықтық межесінің сақталуына кепілдік беретін бірден-бір мүмкіндік болар еді. Сол себепті интернет кеңістігіндегі құқықтардың жүзеге асырылуының өзіндік мәдениеті мен механизмін қалыптастыру аса маңызды. Қазіргі цифрлану кезеңіндегі бұл мәселенің өзектілігі күн сайын арта түсуде. Дегенмен, кейбір пайдаланушылар осы пікір бостандығы, сөз бостандығы құқығын заңды түрде жүзеге асыру шеңберінен шығып, өз әрекеттерімен басқаларға нақты зиян келтіреді. Мұндай әрекеттердің бір түрі кибербуллинг болып табылады.
Мақалада қазіргі қоғамның әлеуметтік қауіпті мәселесі – кибербуллинг қарастырылған. Кибербуллингтің қауіптілігі оның жас таңдамайтындығында. Сол себепті кибербуллингтің құрбаны кез-келген тұлға болуы мүмкін.
Психологиялық тұрғыдан жасалатын бұл құқықбұзушылықтың салдарымен күресуден гөрі оның алдын алу әлдеқайда ұтымды нәтиже береді. Мәселені зерттеуге қатысты отандық және шетелдік зерттеушілердің ғылыми еңбектері зерделенген. Әртүрлі авторлардың феноменге берген анықтамалары, кибербуллингтің нақты қорқытудан (ақпараттық коммуникациялық технологиялардың құралдары) айырмашылықтары қарастырылған. Құбылыстың қазіргі түрлері көрсетіліп, олардың көріну ерекшеліктері сипатталады. Кибербуллинг көріністері барлық қатысушылардың психологиялық және физикалық денсаулығына өте жағымсыз әсер ететіні атап өтіледі. Мақаланың қорытындысында кибербуллингке қарсы жұмыстың негізгі бағыттары көрсетілген.