ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР: ПОСТКЕҢЕСТІК КЕҢІСТІК ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ЗЕРТТЕУЛЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2025_80_2_16Кілт сөздер:
құқықтық құндылықтар, құқықтық жүйе, құқықтық принциптер, әділдік, адам құқығы, қоғам, мемлекет, Ресей және Украина ғалымдарыАңдатпа
Құқықтық жүйе шеңберінде заңдарды құру, түсіндіру және сақтауға бағытталған негізгі идеялар, стандарттар мен ережелер құқықтық құндылықтар деп аталады. Бұл қағидалар заңдардың мазмұны және сот төрелігін жүзеге асыру тәсілдеріне әсер етеді, құқықтық жүйелер құрылатын моральдық және этикалық негізді қамтамасыз етеді. Құқықтық құндылықтар тек заң ғылымдарының ғана емес, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдардың көптеген бағыттарын қызықтыратын сала. Құқықтық құндылықтарды түрлі көзқарастарда қарастыра отырып, ғалымдар олардың құқықтық жүйелер, әлеуметтік нормалар және адамзат қоғамының кең құрылымын қалыптастырудағы маңыздылығын түсінуді тереңдете алады. Осы тұжырымдарға сәйкес мақалада посткеңестік кеңістік ғалымдарының құқықтық құндылықтар ұғымына қатысты зерттеулеріне талдау жасалды. Әлемнің барлық елдерінің ғалымдары құқықтық құндылықтар идеясын жан-жақты зерттеген. Алайда, құқықтық құндылықтар ұғымына отандық ғалымдармен қатар, бұрынғы Кеңес Одағы ғалымдары да аз көңіл бөлді. Web of Science Core Collection базасынан «legal values» түйінді сөзін іздеу кезінде 177 материал анықталды. Осы материалдар арасында 39 ғылыми мақала ресейлік және украиналық ғалымдарға тиесілі. Аталмыш кілт сөзді пайдаланған зерттеулер 2016 жылдан бастап жариялана бастаған. Мақала қорытындылары 8 материал негізінде жасалды. Зерттеу нәтижесінде автор ғалымдардың құқықтық құндылықтар туралы жарияланған зерттеулері құқықтық жүйе мен оның әлеуметтік бейнесін тереңірек түсінуге ықпал етеді деген қорытындыға келді.