ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЯСИ ПАРТИЯЛАРДЫҢ ӘКІМШІЛІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ: ЖАҒДАЙЫ МЕН МӘСЕЛЕЛЕРІ

Авторлар

  • Лейла Тельмановна Жанузакова
  • Нұрлан Күзембайұлы Әміров
  • Бақтыгүл Қуанышқызы Ильясова

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2024_77_2_63

Кілт сөздер:

әкімшілік-құқықтық мәртебе, мемлекеттік тіркеу, саяси партия, бірлестіктер бостандығы, ббюджеттік қаржыландыру

Аңдатпа

Мақалада Қазақстан Республикасындағы қазіргі кезеңдегі саяси партиялардың мәртебесін әкімшілік-құқықтық реттеудің теориялық және практикалық мәселелері қарастырылған. Мемлекет пен қоғамдық институттар арасындағы қарым-қатынастардың жалпы қағидаттарын және азаматтардың бірігу бостандығына, саяси өмірге және мемлекет істерін басқаруға қатысу құқығын бекіткен Конституция нормалары елдің ағымдағы заңнамасындағы саяси партиялардың мәртебесін регламенттеу үшін бағыт бағдар беретіндігі атап өтілді. "Саяси партиялар туралы" ҚР Заңын және партиялардың қызметін және олардың мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынасын реттейтін басқа да заңдарды сыни тұрғыдан түсіну, сондай-ақ оларды қолдану практикасы негізінде Конституцияға және халықаралық құқық нормаларына сәйкестігі тұрғысынан олардың жекелеген ережелерінің сәйкессіздігі және өзге де кемшіліктер анықталды.Авторлар дамыған демократиялық мемлекеттерде саяси партиялардың жұмыс істеуін құқықтық реттеу тәжірибесін зерделеді және Қазақстан заңнамасымен салыстырмалы талдау жүргізіп, оның негізгі артықшылықтарын анықтады. Мақалада "Саяси партиялар туралы" ҚР-ның ұлттық заңын жетілдіру бойынша ұсыныстар тұжырымдалған.  Мәселен, Парламент Мәжілісі мен мәслихаттарға сайлауда депутаттық мандат алмаған партияларды қаржыландыруды ұлғайту, партияларды мемлекеттік тіркеудің рұқсат беру жүйесінен есепке алу-хабарлама жүйесіне көшу және т. б. бойынша ұсыныстар енгізілді. Зерттеудің негізгі қорытындысы демократиялық, плюралистік, бәсекелестік саяси жүйені қалыптастыру, азаматтардың бірлестіктерге, оның ішінде саяси партияларға Конституциялық бостандығын қамтамасыз ету мақсатында саяси партиялардың құрылу тәртібін, жұмыс істеуі мен қызметін әкімшілік-құқықтық реттеу түбегейлі қажет болып табылады.

##submission.downloads##

Жарияланды

28.06.2024

##submission.howToCite##

Жанузакова, Л. Т., Әміров, Н. К., & Ильясова , . Б. Қ. . (2024). ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЯСИ ПАРТИЯЛАРДЫҢ ӘКІМШІЛІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ: ЖАҒДАЙЫ МЕН МӘСЕЛЕЛЕРІ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 2(77). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2024_77_2_63