ӨНДІРІС ЖӘНЕ ТҰТЫНУ ҚАЛДЫҚТАРЫМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМАНЫ ЖЕТІЛДІРУДІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ

Авторлар

  • Жанара Абдильдаевна Жадауова Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты
  • Олжас Сүйіндікұлы Қарақожаев ҚР заңнама және құқықтық ақпарат институты

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2024_78_3_247

Кілт сөздер:

қалдықтар,, өндіріс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеу,, қалдықтарды басқару,, заңнаманың тиімділігін талдау,, қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы заңнама.

Аңдатпа

Қалдықтармен байланысты әрекеттерден туындаған қоршаған ортаның ластануы қазіргі қоғамның басты мәселелерінің бірі болып қала береді. Қалдықтарды дұрыс пайдаланбау қоршаған ортаға, адам денсаулығына және экономикаға ауыр зардаптар әкеледі. Бұл мәселелерді шешу үшін заңнаманы қатаң сақтау, қалдықтарды басқарудың тиімді стратегияларын әзірлеу және экологиялық жауапкершілік туралы хабардарлықты арттыру қажет.

Өндіріс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеу туралы заңнама Нормативтік құқықтық актілермен, бірінші кезекте Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексімен және т. б. регламенттеледі.

Мақалада Қазақстан Республикасының қалдықтарды басқару саласындағы заңнамасын жетілдірудің кейбір жолдары ұсынылды, оларды іске асыру бойынша ғылыми негізделген ұсынымдар мен ұсыныстар әзірленді.

Осыған байланысты авторлар олқылықтарды, сондай-ақ қайталанатын, ескірген нормаларды анықтады, тұжырымдамалық аппаратқа ревизия жүргізді және Заң нормаларын іске асырудың тиімділігін бағалады.

Атап айтқанда, өндіріс пен тұтыну қалдықтарын басқарумен байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін арнайы заң қабылдау ұсынылады.

Өндіріс және тұтыну қалдықтарының айналысы мәселелері бойынша ғылыми-құқықтық тәсілдерге шолу және талдау жүргізілді, олардың негізінде қалдықтармен жұмыс істеу туралы заңнама шеңберінде қолданылатын терминологияны өзектендіру ұсынылады: «қалдықтар», «өндіріс қалдықтары», «тұтыну қалдықтары», «тұтыну және өндіріс қалдықтары».

Осылайша, осы зерттеудің өзектілігі қалдықтарды басқару саласындағы заңнаманың тиімділігін одан әрі арттырудың объективті қажеттіліктеріне, оның жүйелілігі мен келісімділігіне байланысты күшейтіледі.

 

##submission.authorBiographies##

##submission.authorWithAffiliation##

з.ғ.к.

##submission.authorWithAffiliation##

Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Заңнамана тиімділігін талдау бөлімінің басшысы, құқық магистрі

##submission.downloads##

Жарияланды

30.09.2024

##submission.howToCite##

Жадауова , Ж. А., & Қарақожаев, О. С. (2024). ӨНДІРІС ЖӘНЕ ТҰТЫНУ ҚАЛДЫҚТАРЫМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМАНЫ ЖЕТІЛДІРУДІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 3(78). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2024_78_3_247