ЭТНОСАРАЛЫҚ ДАУДАҒЫ ТАТУЛАСТЫРУ РӘСІМДЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2024_77_2_267Кілт сөздер:
татуластыру рәсімдері, медиация, дауды бейбіт жолмен реттеу, этносаралық даулар мен қақтығыстар, медиатор, көпмәдениетті қоғамАңдатпа
Авторлар өз жұмысын этносаралық қатынастар саласындағы қақтығыстар мен дауларды реттеу проблемаларын зерделеуге арнайды, онда осы санаттың мазмұнды әрі функционалды құрамдастары ашылады.
Бұл мақалада жергілікті ұлтаралық қақтығыстардың себептері қаралады. Ұлтаралық қатынастарды үйлестіруге кедергі келтіретін факторлар бар. Этносаралық қақтығыстарға қатысушылардың қарама-қайшылықты ұмтылыстарын бейтараптандыру жөніндегі іс-қимыл қағидаттары келтірілген.
Жұмыста этникалық қақтығысты айқындау тәсілдері және оның типологиясы ұсынылған, жалпыға бірдей танылған басқа түрлер бойынша даулар мен қақтығыстарға қатысты этникалық даулар мен қақтығыстардың өзіндік ерекшелігі мен ортақтығы көрсетілген. Авторлар татуластыру рәсімдерін салыстыруды жүргізеді. Татуластыру рәсімі ретінде бітімгершілік келісім ұғымы, сондай-ақ медиация анықтамасы ұсынылып, олардың кезеңдері қаралады.
Осы тақырыпты зерделеу барысындағы зерттеу нысанасы –татуластыру рәсімдеріне жүгіну мүмкіндігі реттелетін ұлттық заңнама нормалары және бұл ретте қалыптасқан сот практикасы, материалдық заңнама нормалары, татуластыру рәсімдері туралы теориялық әзірлемелер, татуластыру рәсімдерін қалыптастырудың, дамытудың және енгізудің жалпы заңдылықтары; сондай-ақ көпмәдениетті қоғамда медиативтік тәсілді қолдану арқылы этносаралық даулар мен қақтығыстарды шешу кезінде тәжірибені қолдану саласындағы шет ел тәжірибесі.
Көрсетілген ережелерді татуластыру рәсімдері институтын алдағы уақытта теориялық зерттеу үшін пайдалануға болады, олар ғылыми және оқыту қызметінде қолданылуы мүмкін.