ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАҢБАЛАУ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУДЫҢ ЗАҢНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Авторлар

  • Талап Кайратович Нурекешов Учреждение образования «Alikhan Bokeikhan University»
  • Анор Абайханқызы Мұқашева
  • Ерлан Майданулы Айтказин

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2024_79_4_60

Кілт сөздер:

экологиялық таңбалау, экологиялық сертификаттау, органикалық өнім, экологиялық таза өнім, қоршаған орта, тұтынушы, гринвошинг

Аңдатпа

Мақала отандық экологиялық сертификаттау және таңбалау жүйесінің дамуының қазіргі саяси және құқықтық аспектілеріне талдау жасауға арналған. Мақала авторлары саланы реформалау үшін қолданыстағы құқықтық нормаларды егжей-тегжейлі зерделеу, жүйелеу қажет деп санайды, себебі бүгінгі күнге экологиялық таңбалаудың кейбір бағыттары бойынша нақты нормативтік критерийлер жоқ.

Ғылыми мақалада қойылып отырған мақсат елімізде экологиялық таңбалау қызметін реттейтін заңнамаға шолу жасау арқылы оның іс жүзінде қолданылуына баға беру, сонымен қатар жалпы отандық экологиялық сертификаттау және таңбалау жүйесінің дамуын заңнамалық қамтамасыз ету мүмкіндіктеріне талдау жасау болып табылады.

Мақала барысында Еуропалық Одақ және әлемнің бірқатар дамыған елдеріндегі сәтті тәжірибелер қарастырылады. Оның ішіндегі мұндай таңбалау түрлерін құқықтық қамтамасыз етуге қатысты тәжірибелерге ерекше назар аударылған.

Зерттеу әдістемесі заңнама мен заң әдебиеттеріне шолуды көздейді, ғалымдар мен сарапшылардың пікірлерін талдауды қамтиды, олардың негізінде авторлар ұсыныстар береді, стандарттарды әзірлеудегі тәуекелдер талқыланады.

Талқыланып жатқан жаңа заң жобасын ескере отырып аталған жүйенің елімізде дамуына байланысты болжамдар жасалынған. Органикалық өнімді өндіруге көшу шарттарын, оны өндіруге, айналымына және таңбалауға қойылатын талаптарды қарастыратын, сондай-ақ органикалық өнімдерді есепке алу және қадағалау жүйесі мен оны өндірушілердің бірыңғай тізімін қалыптастыру бастамаларын көздейтін жаңа заң жобасы авторлармен кеңінен талданған.

Авторлардың пікірінше, бүгінгі күнде еліміздегі экологиялық сертификаттау және таңбалау қызметін реттейтін заңнаманы жетілдіру қажеттілігі байқалады. Мұндай зерттеулер заңнаманы жетілдіру бойынша ғылыми негізделген ұсыныстарды әзірлеу үшін ғана емес, сонымен қатар құқық қолдану қызметін үйлестіру үшін де маңызды. Тақырыптың өзектілігі осы жүйені іске асыру тетігін заңнамалық мүмкіндіктер мен эмпирикалық жағдай тұрғысынан қарастырудан тұрады.

##submission.downloads##

Жарияланды

11.11.2024

##submission.howToCite##

Нурекешов, Т. К., Мұқашева, А. А., & Айтказин, Е. М. (2024). ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАҢБАЛАУ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУДЫҢ ЗАҢНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 4(79). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2024_79_4_60