ЗАҢ МӘТІНДЕРІНДЕГІ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ҚАТЕЛЕР
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2024_77_2_297Кілт сөздер:
заң тілі, заң мәтінінің сапасы, тілдік қателер, лингвистика, термин, лексикалық үйлесімділікАңдатпа
Заң тілі – заңның немесе өзге де нормативтік құқықтық актінің мәтінін қалыптастыратын лексикалық, синтаксистік және стилистикалық құралдардың жиынтығы. Заң тіліне қойылатын талаптар заң жобасын әзірлеу кезінде басты назарға алынады. Алайда заң жобалау жұмысы барысында мәтіннен лингвистикалық қателерді толықтай жою әрдайым сәтті бола бермейді. Ондай қателерге көбіне лексикалық және стилистикалық қателер жатады.
«Қазақстан Республикасының заңдары мәтiндерiнiң мазмұнына және жазылу стилiне қойылатын талаптардың сақталуына мониторинг жүргізу» тақырыбындағы іргелі-қолданбалы зерттеу барысында тілдік тұрғыдан талданған кейбір заң мәтіндері мақала нысанасы болып табылады.
Мақала тақырыбының өзектілігі – қолданыстағы заңнама мәтініндегі қателерді анықтау және түзету, құқықтық нормалар мағынасының бұзылуына алып келетін олқылықтарды айқындау, олардың алдын алу тәсілдерін қарастыру.
Автор мақалада қолданыстағы заңнама мәтіндерінде жіберілген лексикалық, грамматикалық сипаттағы және басқа да лингвистикалық қателерге нақты мысалдар келтіреді. Нормативтік сөйлемдер мен құқықтық нормаларға қазіргі қазақ әдеби тілінің нормалары мен ережелеріне сәйкестігі тұрғысынан талдау жасайды.
Автор қолданыстағы заңдардың мәтінін зерделей келе, құқықтық акті мазмұнының сапасы жоғары болуын қамтамасыз ету үшін қолданыстағы заңнамаға ауқымды мониторинг жүргізу; терминдерді бірізділікке келтіру мақсатында заң терминологиясын қолдану қағидаларының жинағын әзірлеу; құқықтың әртүрлі саласына қатысты заң техникасын зерттеуді дамытуға жағдай жасау; жоғары оқу орындарының білім беру процесіне «Тіл және құқық», «Заң шығару техникасы» сияқты тиісті заң-лингвистикалық пәндерді курстар немесе арнайы курстар түрінде оқытуды енгізу қажет деп пайымдайды.