ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ ҚАТЫНАСТАРЫН АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ НОРМАЛАРЫМЕН РЕТТЕУ ШЕКТЕРІ

Авторлар

  • Ерлан Ордағалиұлы Ықсанов

Кілт сөздер:

жер қойнауын пайдалану, азаматтық заңдар, келісімшарттар, лицензиялар, қатынастарды реттеу

Аңдатпа

Бұл мақалада жер қойнауын пайдалану саласында туындайтын қатынастарды азаматтық құқық нормаларымен реттеудің кейбір мәселелері, қаралады. Мақалада жер қойнауын пайдалану саласындағы қатынастарды азаматтық-құқықтық реттеуге мүмкіндік беретін азаматтық-құқықтық нормалар, сондай-ақ азаматтық-құқықтық қатынастардың мұндай қатынастарға қолданылуын тікелей қамтамасыз ететін жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы салалық заңнамалық актілердің нормалары қарастырылады. Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнаманың өзгеруімен, атап айтқанда, 2017 жылы Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодексінің қабылдануымен туындаған осындай реттеудің шектерін айқындау тәсілдерінің өзгеруіне назар аударылады.

Мақалада Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Кодексте жер қойнауын пайдаланудың екі режимі белгіленген - лицензиялық және келісімшарт. Келісімшарт режимі көмірсутектерге (мұнай мен газға), сондай-ақ уранға қатысты, лицензиялау режимі қатты пайдалы қазбаларға және басқа жағдайларда қолданылады. Сонымен қатар, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттан және жер қойнауын пайдалануға арналған лицензиядан туындайтын қатынастар бір-бірінен түбегейлі ерекшеленбейді. Ғылым мен құқық қолдану практикасында жер қойнауын пайдалану құқығын берудің бірыңғай келісімшарттық режимі болған кезде келісімшарттан туындайтын қатынастарға, азаматтық-құқықтық заңнамалардың келісім шарттар, міндеттемелер және тсс нормаларын қолдану мүмкіндігі негізделген. Қазіргі уақытта бұл тәсіл шарттан емес, мемлекеттік орган берген лицензиядан туындайтын қатынастарға қолданылмайды.

Қорытындылай келе, азаматтық-құқықтық нормалармен жер қойнауын пайдалану саласындағы қатынастардың тек азаматтық құқықтың сипаттамасына сәйкес келетін, яғни қатысушылары өз-ара тең болып табылатын тауар-ақша және басқа мүліктік қатынастарды реттеуге жол беріледі деген шешім жасалады.

##submission.downloads##

Жарияланды

30.09.2020

##submission.howToCite##

Ықсанов, Е. У. (2020). ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ ҚАТЫНАСТАРЫН АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ НОРМАЛАРЫМЕН РЕТТЕУ ШЕКТЕРІ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 3(61). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/156

Журналдың саны

Бөлім

Азаматтық және азаматтық-процестік құқық