ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРҒЫ СОТЫНДА СОТ АКТІЛЕРІН ҚАРАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Авторлар

  • Эльвира Бекболатқызы Аблаева Каспий университетінің "Әділет" Жоғары құқық мектебі

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2024_78_3_135

Кілт сөздер:

кассация, қадағалау, сот актілерін қайта қарау, прокурордың наразылығы, жоғары тұрған соттардың бақылауы, сот арқылы қорғау, кассациялық шағым, қадағалау шағымы

Аңдатпа

Жұмыс Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотында төменгі сатыдағы соттардың сот актілерін қайта қарау мәселелерін зерттеуге арналған. Жоғары тұрған соттардың заң үстемдігін қамтамасыз ету жүйесіндегі төмен тұрған соттардың қызметіне істерді қарау және олар бойынша шешімдер шығару кезінде бақылау қаралады. Кассациялық және қадағалау тәртібімен заңды күшіне енген және заңды күшіне енбеген сот актілерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы мен Бас Прокурордың наразылығы бойынша жоғары тұрған соттың қайта қарау тәртібі зерделенді. Азаматтардың сот арқылы қорғалуына және сот актілеріне шағымдануға конституциялық құқықтарын жүзеге асыру мәселелері көрсетілген. Заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау негіздері, қайта қарау үшін өтініш беруге құқығы бар субъектілер шеңбері, сот актілеріне шағым жасауға жол берілуінің өлшемдері, сондай-ақ шағымдар мен наразылықтарды бір судьяның алдын ала қарау тәртібі көрсетілді.

Осы мәселелерді талдау апелляциялық және кассациялық сатыдағы сот актілерін ҚР Жоғарғы Соты төрағасының және Бас Прокурорының ұсыныстары бойынша қайта қараудың қолданыстағы негіздері мен тәртібі, біріншіден, азаматтардың сот арқылы қорғалуына, оның ішінде сот актілеріне шағымдануына конституциялық құқығын іске асыруына кедергі келтіреді, екіншіден, сот тәжірибесінде біркелкіліктің қалыптасуына кедергі жасайды деген қорытындыға келді. Кассация және қадағалау тәртібімен сот актілерін қайта қарау мәселелері бойынша төмен тұрған соттарға түсіндірмелердің болмауы тағы да соттардың құқық нормаларын түсіндіруде және қолдануда біркелкілікке қол жеткізбегенін, сондай-ақ олардың азаматтардың сот қорғауына құқықты тиімді іске асыруына ықпал етпегенін тағы да сендірді.

Жұмыста судьялардың, адвокаттар мен заңгерлердің ҚР Жоғарғы сотымен апелляциялық және кассациялық сатыдағы соттардың сот актілерін қайта қараудың қазіргі тәртібіне сыни көзқарасы келтірілген.

Жұмыс соңында автор сот қорғауына конституциялық құқықты кеңейтуге және сот тәжірибесінде біркелкілікті қалыптастыруға қатысты тұжырымдар жасап, ұсыныстарын білдірді.

##submission.authorBiography##

##submission.authorWithAffiliation##

Заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор (доцент)

##submission.downloads##

Жарияланды

30.09.2024

##submission.howToCite##

Аблаева, Э. Б. (2024). ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРҒЫ СОТЫНДА СОТ АКТІЛЕРІН ҚАРАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 3(78). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2024_78_3_135

Журналдың саны

Бөлім

Азаматтық және азаматтық-процестік құқық