ESG-ҚАҒИДАТТАРЫ КОНТЕКСТІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2024_78_3_263

Кілт сөздер:

ESG қағидаттары, инвестициялық саясат, Инвестициялық дау, инвестициялық саясаттың тұрақтылығы, ESG тұжырымдамасының құрылымдық элементтері

Аңдатпа

Бұл мақалада халықаралық инвестициялық құқықтағы ESG  қағидаттарының рөлі және Қазақстанның инвестициялық саясатының қалыптастырылуы үшін оларды арттырудың маңыздылығы зерттеледі. Белгілі бір процестерге  ESG қағидаттарын  енгізуге назар аударылады, алайда бұл саясат түрлі бағытқа ие және салықтық және әлеуметтік-экономикалық  сипаттағы бірқатар кемшіліктері бар.

Автор инвестициялық саясатқа осы қағидаттардың: инвестициялық тартымдылықты арттыру, капиталдың жаңа көздеріне қол жеткізу және т.б. енгізудің нақты артықшылықтарына назар аударады. Бірқатар ірі инвестициялық істерді мысалға ала отырып, осы қағидаттардың маңыздылығы атап өтіледі, инвестициялық даулардың осы санатты бойынша сот ісін жүргізудің ерекшеліктері мен кешенді сипатына да назар аударылады. Сондай-ақ мақалада халықаралық сипаттағы инвестициялық талқылауларда  бедел тәуекелінің жоғары болатындығы атап өтіледі. Осы тұрғыдағы ESG қағидаттарын елдік тәуекелдердің осындай түрлерін азайту құралы ретінде қарастырған жөн.

Автор з.ғ.к., доцент Ж.О.Құлжабаеваның орындылық пен тиімділік критерийлерінің экономикалық мәнін көрсететін мақаласына сүйенеді. Ұсынылған тұжырымдаманың маңыздылығына назар аудара отырып, автор ұсынылған критерийлермен шектеліп қалмауды және ESG қағидаттарын ескеруді ұсынады. Осындай үйлестіру ұзақ мерзімді перспективада инвестициялық саясатты белгілі бір тепе-теңдік пен тұрақтылыққа жеткізеді.

Қорытынды бөлімде автор ESG тұжырымдамасының көпқырлылығына және ESG қағидаттарын енгізу дәрежесіне және тиісінше мемлекеттің инвестициялық ахуалының тұрақтылығына айқындаушылық әсер ететін бірқатар проблемалық аспектілерге немесе факторларға назар аудару  қажеттігіне көңіл бөледі. 

##submission.downloads##

Жарияланды

30.09.2024

##submission.howToCite##

Ахметов, К. К. (2024). ESG-ҚАҒИДАТТАРЫ КОНТЕКСТІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 3(78). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2024_78_3_263