ЗИЯТКЕРЛІК ҚЫЗМЕТ НӘТИЖЕЛЕРІ РЕТІНДЕГІ ЖАНДЫ ТАБИҒАТ ОБЪЕКТІЛЕРДІ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

Авторлар

  • Наталия Сергеевна Бессараб

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2024_78_3_199

Кілт сөздер:

зияткерлік меншік, селекция, микроорганизмдердің штамдары, гендік-модификацияланған организмдер, геномдар, адамның, жануарлардың биоматериалын пайдалана отырып жасалған зияткерлік қызметтің өзге де нәтижелері, биомедициналық жасуша өнімдері

Аңдатпа

Жанды табиғат пен адамға қатысты шығармашылық қызмет нәтижелерінің құқықтық режимінің мәселелері көптеген елдерде, соның ішінде Ресей мен Қазақстанда ерекше ғылыми маңыздылық пен практикалық құндылыққа ие болды. Сондықтан, зияткерлік меншік құқығының жүйесін азаматтық құқықтың кіші саласы ретінде бейімдеу тұжырымдамаларын әзірлеуге, зияткерлік қызметтің нәтижесі болып табылатын жаңа жанды табиғат объектілерінің құқықтық режимін анықтауға және оларды қолданыстағы құқық жүйесіне енгізуге арналған зерттеулер мемлекеттік және жеке мүдделердің тепе-теңдігіне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік міндеттердің стратегиялық деңгейіне ие, әсіресе қазіргі адамзат үшін ғана емес, болашақ ұрпақ үшін өте маңызды тәуекелдерді тудыратын биомедициналық технологиялар мен геномдық эксперименттер саласында.

Осы мақалада баяндалғанды ескере отырып, зияткерлік қызметтің нәтижелері ретінде жанды табиғат объектілерін құқықтық қорғау жүйесін құрудың теориялық тұжырымдамасын әзірлеу және зияткерлік меншік құқығы саласындағы заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу мақсатында жүргізілген ғылыми талдаудың нәтижелері ұсынылды. Жүргізілген зерттеу қорытындылары бойынша зияткерлік меншік саласындағы құқық жүйесін жанды табиғат объектілеріне қатысты жағынан жаңғырту, оған бұрыннан бар селекциялық жетістіктерге жаңа объектілерді, атап айтқанда: микроорганизмдердің штаммдарын, гендік-модификацияланған организмдерді, биомедициналық жасушалық өнімдерді, геномдарды, адам, жануарлар биоматериалын пайдалана отырып жасалған зияткерлік қызметтің өзге де нәтижелерін қосу ұсынылады, оның ішінде құстар, балықтар және фаунаның басқа да өкілдері және сол объектілерге дербес құқықтық режим беру ұсынылады. «Өзге де нәтижелері» соңғы объектісінің редакциясы қажет болған жағдайда зияткерлік меншік жүйесіне кезекті инновациялық объектіні енгізу үшін, оған тиісті құқықтық режимді қамтамасыз ете отырып, заң нормаларына қосымша өзгерістер енгізбестен жанды табиғат объектілерінің тізбесін ашық қалдыруға мүмкіндік береді.

##submission.authorBiography##

Наталия Сергеевна Бессараб

Тула мемлекеттік университеті, Тула қ.

##submission.downloads##

Жарияланды

30.09.2024

##submission.howToCite##

Бессараб, Н. С. (2024). ЗИЯТКЕРЛІК ҚЫЗМЕТ НӘТИЖЕЛЕРІ РЕТІНДЕГІ ЖАНДЫ ТАБИҒАТ ОБЪЕКТІЛЕРДІ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ . «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 3(78). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2024_78_3_199

Журналдың саны

Бөлім

Халықаралық құқық және салыстырмалы құқықтану