ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІҢ ЕАЭО МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ ЕҢБЕК САЛАСЫНДА АЛАТЫН ОРНЫ ТУРАЛЫ МӘСЕЛЕЛЕР
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2024_79_4_289Кілт сөздер:
ЕАЭО шарты, жасанды интеллект, цифрландыру, еңбек көші-қоны, роботтандыру, кәсіби біліктілікті арттыру, жаңа мамандықтар енгізуАңдатпа
Ғылыми мақалада жасанды интеллект пен еңбек саласының өзара байланысы, сондай-ақ ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер шеңберінде оны талдау арқылы еңбек саласындағы реттеуге жататын мәселелер қарастырылады. Жасанды интеллект барлық салаларда дамыған жағдайда, ол ЕАЭО еңбек саласына қандай өзгерістер әкеледі және еңбек заңнамасына қандай жаңа өзгерістер енгізіледі, ғылыми мақаланың өзектілігін көрсетеді.
Жасанды интеллект жүйелерінің дамуы көптеген жұмыс орындары мен кәсіптердің ескіруіне және жойылуына әкеледі, жаңа кәсіптердің пайда болуына әсер етеді. Жасанды интеллектінің жүйелерінің дамуы көптеген жұмыс орындары мен кәсіптердің ескіріп, жойылуына дейін әкеліп, жаңа кәсіптердің пайда болуына әсер етеді. Цифрландыру дамыған сайын, өндірістердің көбісі роботтандырылып, адамдардың физикалық еңбегін қажет ететін жұмыстардан бас тарту орын алуы мүмкін. Сондықтан, еңбек заңнамасында роботтардың жіберілетін еңбегін шектеу арқылы, олардың адамдармен бірге жұмыс жасауын қамтамасыз ететін еңбек стандарттарын дайындау арқылы ЕАЭО мүше мемлекеттері арасында еңбек заңнамасымен реттеу қажет.
Ғылыми мақаланың мақсаты-ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің еңбек саласындағы жасанды интеллекттің орнын анықтау, оның құқық қолдану практикасында қалай жүзеге асырылатынын зерттеу және авторлық қорытынды жасау. Бұл ретте жасанды интеллекттің еңбек саласындағы орнын және оны құқықтық реттеудің шетелдік практикасын зерделеу, сондай-ақ оны ЕАЭО туралы шарттың нормаларымен байланыстыра отырып, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамасында пайдалану мүмкіндігін қарастыру. Жасанды интеллектке жол бермеу керек пе, әлде оның қызметтерін тиімді пайдалану арқылы ел экономикасын жақсартуға бола ма, оны ұлттық және халықаралық деңгейде қызметкерлердің біліктілігін арттыру үшін пайдалану және еңбек қатынастарына тиімді өзгерістер әкелетін сәттер туралы қорытынды жасалады.