ӘСКЕРИ САЛАДА ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІ ҚОЛДАНУДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ: АҚШ ПЕН ҚЫТАЙДЫҢ ТӘЖІРИБЕСІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2024_79_4_300

Кілт сөздер:

стратегиялық доктриналар, жасанды интеллект (ЖИ), автономды қару жүйелері (АҚЖ), Қытай, АҚШ, құқықтық реттеу

Аңдатпа

Бұл зерттеудің өзектілігі әскери салада жасанды интеллект (ЖИ) сияқты инновациялық технологияларды қолдануды реттейтін халықаралық құқықтық құралдардың болмауына байланысты болып табылады. Жылдам технологиялық прогресс, әсіресе әскери технологиялар саласында, ықтимал қауіптерге барабар жауап беруге және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қабілетті құқықтық тетіктерді әзірлеуді талап ететін жаңа сын-қатерлерді тудырады. Бұл проблема әскери мақсатта жасанды интеллектті қолданудың бірыңғай халықаралық стандарттарының болмауымен күрделене түседі, құқықтық белгісіздікке және келісілген ережелердің болмауына әкеледі.

Зерттеудің мақсаты - ЖИ реттеу туралы ҚХР Заң жобасына баса назар аударып, Қытай Халық Республикасының (ҚХР) әскери ЖИ саласындағы қолданыстағы заңнамасын талдау. Жұмыс ҚХР-дағы әскери жасанды интеллектті ағымдағы құқықтық реттеудегі артықшылықтар мен кемшіліктерді, сондай-ақ фрагменттік пен белгісіздіктерді анықтауға бағытталған.

Талдау нәтижелері Қытай заңнамасының қолданыстағы нормаларының дамымағандығын көрсетеді және халықаралық міндеттемелер мен стандарттар контекстінде осы нормаларды түсіндіру және қолдану кезінде құқықтық коллизияларға әкелуі мүмкін. Бұл әскери жасанды интеллектті қолданылуын реттейтін халықаралық принциптеріне сәйкес келетін әмбебап стандарттарды құру үшін Ұлттық тәсілдемелерді жаһандық құқықтық реттеу механизмдеріне біріктіру қажеттілігін көрсетеді.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға ықпал ете отырып, халықаралық гуманитарлық құқықтың міндеттемелері мен нормаларын ескере отырып, қарулы қақтығыстарда жасанды интеллектті заңды пайдалануды қамтамасыз ететін жан-жақты құқықтық базаны қалыптастыру перспективаларын анықтау болып табылады.

##submission.downloads##

Жарияланды

11.11.2024

##submission.howToCite##

Хасанай, А. М. (2024). ӘСКЕРИ САЛАДА ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІ ҚОЛДАНУДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ: АҚШ ПЕН ҚЫТАЙДЫҢ ТӘЖІРИБЕСІ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 4(79). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2024_79_4_300