«RULE OF LAW» ЖӘНЕ «RECHTSSTAAT» САНАТТАРЫН АНЫҚТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Авторлар

  • Эльвира Бекболатқызы Аблаева Тұран " Университеті

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2024_79_4_38

Кілт сөздер:

құқықтың үстемдігі, заңның үстемдігі, заң, құқық, құқықтың басымдығы, құқықтық мемлекет, құқықтық басқаруы, күштің басымдылығы, жақсы басқару, құқық жүйелері

Аңдатпа

Бұл жұмыс заң терминологиясын түсіндіру мен қолдануда түсініксіздікті, екіұштылықтықты және дәлсіздікті тудыратын «Rule of law» және «Rechtsstaat» құқықтық санаттарын анықтау мәселелерін зерттеуге және шешуге арналған. Олардың негізгі себептері ағылшын тіліндегі терминдерді басқа тілдерге аударудағы жіберілген қателіктерден, құқық пен заң арасындағы айырмашылықтардан, Rule of law терминін ұлттық деңгейде дұрыс түсіндірмеуден және оның халықаралық деңгейде белгісіздігінен анықталды.

Англо-саксондық құқықтық жүйенің "Құқық басқаруы" сот доктринасын мазмұнына жақын "Құқықтық мемлекет" роман-германдық құқықтық жүйесінің құқықтық тұжырымдамасымен, құқық және заң категорияларымен, құқықтың үстемдігі және заңның үстемдігі принциптерімен салыстыру мәселелеріне назар аударылады.

«Rule of law» мен «Rechtsstaat» бір-біріне қатысты қарама-қайшы және бірдей категориялар емес екендігі анықталды. Олардың ортақтығы – мемлекеттің ерікті билігін шектеудегі мақсат бірлігі, мемлекетке құқықтық форма беру және оны құқықты құрайтын маңызды өлшемдермен толтыру міндеттерінің бірлігі. Ал айырмашылы, құқықтарды бекіту, қолдану және қамтамасыз ету тәсілдерінде. Аталған айырмашылықтар материалдық және іс жүргізу құқығын түсіндіру мен қолдануда сот тәжірибесінде біркелкіліктің дамуымен, құқықтық қатынастарды құқықтық реттеудегі құқықтық анықтықпен, оның ішінде нормативтік, әкімшілік және сот актілерінің болжамдылығын, субъектілердің күтуінің заңдылығын сақтаумен жойылады.

Ұсынылған жұмыстың автордың ойынша, «Rule of law» және «Rechtsstaat» арасында сәйкессіздіктер мен айырмашылықтар бар екенін қоспағанда, құқық пен заң категорияларының өздері сияқты, іс жүзінде құқықтық және құқықтық емес заңдардың болғандығынан, оларды араластыруға, теңестіруге және синонимдік терминдер ретінде қабылдауға жол берілмеу керек.

Зерттеу континенттік құқық жүйесі бар елдердің негізгі заңдарында қолданылатын «Rule of law» оны түсінуге қатысты мүлдем жаңа философиялық-құқықтық идеялар мен әртүрлі пайымдаулар жасағанын көрсетті.

##submission.authorBiography##

##submission.authorWithAffiliation##

Заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор (доцент)

##submission.downloads##

Жарияланды

11.11.2024

##submission.howToCite##

Аблаева, Э. Б. (2024). «RULE OF LAW» ЖӘНЕ «RECHTSSTAAT» САНАТТАРЫН АНЫҚТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ . «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 4(79). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2024_79_4_38