ҚЫЛМЫСТЫҚ БҰЙРЫҚ ӨНДІРІСІ: ІС ЖҮРГІЗУ НЫСАНЫН САРАЛАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Авторлар

  • Ләззат Ерланқызы Нұрлымбаева
  • Леонид Владимирович Брусницын
  • Арстан Нокешұлы Ақпанов

Кілт сөздер:

қылмыстық іс жүргізу құқығы, қылмыстық процесс, іс жүргізу нысанын саралау, тұтас іс жүргізу (оңайлатылған, жеделдетілген, қысқартылған, жиынтық), бұйрық өндірісі

Аңдатпа

Қылмыстық іс жүргізу құқығы саласындағы қарқынды жаһандану бұрын дәстүрлі ұлттық құқық жүйелеріне тән емес сотқа дейінгі және сот өндірісінің алуан түрлі нысандары мен түрлерін интеграциялауға қолайлы. Бұл үрдіс қазіргі заманғы мемлекет пен қоғамның көптеген даму трендтеріне байланысты. Осыған байланысты мақала авторлары Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізуде бұйрықтық іс жүргізу институтын қолданудың өзекті мәселелерін қарастырады.

Қазіргі уақытта, жеңілдетілген, жедел, қысқартылған және жиынтық қылмыстық іс жүргізу өндірісінің мазмұны мен арақатынасына қатысты көптеген пікірлерге қарамастан, оларды нақты анықтауға және ажыратуға бірыңғай тәсіл жоқ. Авторлар бұл мәселені қылмыстық процесте іс жүргізу нысанын жүйелеу және жіктеу тұрғысынан қарауды ұсынады. Олар рулық ұғымның құрамдас бөліктерін анықтады - целерантты өндіріс. Осы аспектіде Бұйрық өндірісі оңайлатылған нысандағы целерантты өндірістің түрі ретінде қарастырылады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс пен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі арасындағы құқық бұзушылықтардың «қоныс аударушы» құрамдарымен байланысты теория және құқық қолдану тәжірибесінің мәселелері зерттеледі. Нақты ажырату қажеттілігі мен материалдық құқықтағы айқындылық істерді тергеу және қарау кезінде үздік іс жүргізу регламенттелуіне ықпал ететініне қорытынды негізделеді. Сонымен қатар, мақалада Еуропа Кеңесі Министрлер комитетінің «Қылмыстық сот төрелігін жеңілдетуге қаты» № 6 R (87) ұсынымдарының кейбір аспектілері зерттелді, оларды талдау негізінде тиісті ұсыныстар әзіыстрленді. Мәселені зерттеу барысында салыстырмалы-құқықтық талдау, дедукция, болжау және т.б. әдістері қолданылды. Жүргізілген зерттеу негізінде бұйрық өндірісін заңнамалық регламенттеуді жетілдіру мақсатында тиісті ұсынымдар әзірленді, оны Қазақстанда табысты қолдану шарттары қаралды.

 

##submission.downloads##

Жарияланды

30.09.2020

##submission.howToCite##

Нұрлымбаева, . Л. Е., Брусницын, . Л. В. ., & Ақпанов, А. Н. (2020). ҚЫЛМЫСТЫҚ БҰЙРЫҚ ӨНДІРІСІ: ІС ЖҮРГІЗУ НЫСАНЫН САРАЛАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 3(61). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/165

Журналдың саны

Бөлім

Қылмыстық құқық және қылмыстық процесс