МЕМЛЕКЕТТІК ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ МҮЛКІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕЖИМІНІҢ КЕЙБІР ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ

Авторлар

  • Даулеткелди Мурзаханович Махмадинов
  • Бақыт Өмірханұлы Алтынбасов Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ
  • Нурмухамед Даулеткелдіұлы Мырзатаев

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2024_79_4_71

Кілт сөздер:

мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер, құқықтық режим, акционерлік қоғам, мүліктік қатынастар, құқықтық мәртебе

Аңдатпа

. Мақалада Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоғары оқу орындарының мүлкінің құқықтық режимі, атап айтқанда, мемлекеттік кәсіпорындар, коммерциялық емес акционерлік қоғамдар және мемлекеттік мекемелер мәртебесінде жұмыс істейтін ұйымдардың құқықтық мәртебесіне қатысты қолданыстағы заңнаманың нормалары жан-жақты қарастырылады. Бұл оқу орындарының құқықтық мәртебесі мүліктік құқықтарға тікелей әсер ететіні анық, ал мүліктік қатынастардың ерекшеліктері ұсынылатын білім беру қызметтерінің сапасына, сондай-ақ елдің экономикалық және әлеуметтік даму көрсеткіштеріне елеулі ықпал етеді. Білім беру ұйымдары, әсіресе, мүлікті иелену, пайдалану және билік ету құқықтарына қатысты көптеген шектеулерге тап келеді, бұл жағдай өз кезегінде олардың қаржылық тұрақтылығына және бәсекеге қабілеттілігіне теріс әсерін тигізеді. Мақалада осы мәселелерді талдайтын ғалымдардың зерттеулері негізінде құқықтық нормалар мен мүлікті басқаруға қатысты заңнамадағы қайшылықтар анықталады. Аталған құқықтық мәселелер білім беру ұйымдарының мүліктік қатынастарын тиімді басқару, сондай-ақ олардың толыққанды жұмыс істеуі мен дамуына қажеттілікті арттыратын факторлар ретінде қарастырылады. Сонымен қатар, білім беру ұйымдарының мүлікпен байланысты мәселелері қаржылық ресурстарды тиімді пайдалануға, инвестициялық тартымдылықты арттыруға, және де білім беру сапасын көтеруге мүмкіндік беретін шешімдер әзірлеуді талап етеді. Бұл мәселенің маңыздылығы білім беру жүйесінің тұрақтылығы мен сапасын қамтамасыз ету үшін аса өзекті болып табылады, өйткені мүлікті басқарудың тиімділігі білім беру ұйымдарының дамуында, ғылыми зерттеулердің жүзеге асырылуында және кадрлық потенциалдың қалыптасуында шешуші рөл атқарады. Осының барлығы жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру және халықаралық стандарттарға сай білім беру сапасын қамтамасыз ету үшін маңызды.

##submission.authorBiography##

##submission.authorWithAffiliation##

заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор

##submission.downloads##

Жарияланды

27.12.2024

##submission.howToCite##

Махмадинов , Д. М. ., Алтынбасов, Б. Ө. ., & Мырзатаев, Н. Д. (2024). МЕМЛЕКЕТТІК ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ МҮЛКІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕЖИМІНІҢ КЕЙБІР ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 4(79). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2024_79_4_71