ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЖӘНЕ ШЕТ ЕЛДЕРДЕ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫ ТІРКЕУДІ ЖАРАМСЫЗ ДЕП ТАНУ ПРАКТИКАСЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2025_80_1_232Кілт сөздер:
заңды тұлғалар, тарату, салық органдары, өкілеттіктер, тіркеу, халықаралық тәжірибе, қызметті тоқтатуАңдатпа
Соңғы жылдары елде мемлекеттік кірістер органдарының талаптары негізінде жүзеге асырылатын заңды тұлғаларды «оңайлатылған» тарату тәжірибесі қалыптасты. Заңды тұлғаны тіркеуді жарамсыз деп тану арқылы тарату рәсімін жүргізу осындай заңды тұлғамен жасалған шарттар бойынша берешекті өндіріп алу мүмкін еместігіне әкеп соғады, себебі тіркеуі жарамсыз деп танылған заңды тұлға азаматтық айналымнан жоғалады. Бұл тіркелген сәттен бастап миллиондаған айналымға азаматтық-құқықтық сипаттағы көптеген мәмілелер жасалғанына қарамастан. Мұндай тәжірибе кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін өрескел бұзуға алып келеді, олардың мүліктік құқықтарына елеулі қатер төндіреді, билік және басқару институттарына деген сенімге нұқсан келтіреді. Бұл сайып келгенде тұтастай алғанда ел экономикасына әсер етеді. Мақалада қолданыстағы заңнаманың негізгі ережелері және тіркеуді жарамсыз деп тану негізінде заңды тұлғалардың қызметін тоқтату саласындағы оны іске асыру практикасы қарастырылады. Мемлекеттік органдардың заңды тұлғалардың қызметін тоқтатуға бастамашылық жасау рәсімі, сондай-ақ осы рәсімнің заңдылығы мен орындылығы зерделенеді. Кейбір елдерде несие берушілердің құқықтары және оларды қорғау заңды тұлғаны тарату кезінде заңнаманың негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Заңды тұлғалардың қызметін тоқтату тәртібіне қатысты шетелдік тәжірибеге талдау жүргізілді, соның негізінде авторлар ұлттық заңнамада бар институттарды қолдана отырып, осы тетікті жетілдіруді ұсынады. Бұл қолданыстағы заңнаманың ерекшеліктеріне сәйкес келуге және заңды тұлғаны мәжбүрлеп таратудың қолданыстағы тәртібіне жұмсақ өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді.