МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ТУРАЛЫ ШАРТТАРДЫ ЖАСАСУДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕР

Авторлар

  • Самал Мырзамуратқызы Ильясова
  • Нонна Алдабергенқызы Алдабергенова
  • Мадина Қойшыбайқызы Жусупбекова Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2025_80_3_99

Кілт сөздер:

мелекеттік сатып алу туралы шарт, құқықтық тәуекелдер, тапсырыс беруші, құқықтық мәдениет

Аңдатпа

Бұл мақалада авторлар мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды жасасудағы құқықтық тәуекелдерді теориялық және практикалық тұрғыда зерттейді, негізгілерін анықтайды, пайда болу заңдылықтарын түсіндіреді, азайту жолдарын ұсынады.

Мақаланың мақсаты мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды жасасудағы негізгі құқықтық тәуекелдерді анықтау және қолданыстағы заңнамаға және тәжірибеге талдау жасау арқылы құқықтық тәуекелдерді азайту жолдарын ұсыну болып табылады.

Жұмыстың ғылыми және практикалық маңызының қысқаша сипаттамасы. Зерттеу объектісіне ғалымдардың қызығушылықтарының артуы, проблемалық мәселелерді кешенді шешу үшін зерттеуді қажет ететін көптеген сұрақтар туғызады. Бұл ретте, мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды жасасудағы құқықтық тәуекелдерді теориялық тұрғыдан зерттеу құқық доктринасы үшін маңызды. Ғылыми мақаладағы зерттеулер тәжірибедегі заң бұзушылықтардың алдын алуға көмектеседі.

Зерттеу әдістемесінің қысқаша сипаттамасы. Бұл зерттеу жұмысы кешенді талдау жасауды талап етеді, сондықтан зерттеу жүргізу барысында жүйелі түрде жалпы және арнайы ғылыми-зерттеудің эмпирикалық және теориялық әдістері қолданылады.

Зерттеу жұмысының негізгі нәтижелері мен талдаулары, қорытындылары. Зерттеудің нәтижесінде негізгі құқықтық тәуекелдер анықталып жүйеленді, тәжірибеге талдау жасалды. Заңнаманы бұдан әрі жетілдіруге, қатысушылардың құқықтық мәдениетін арттыруға тұжырымдар жасалды.

Жүргізілген зерттеудің мәні – зерттеу нәтижелерін азаматтық құқық саласы бойынша дәріс беруде және зерттеуші ғалымдар үшін ғылыми материал ретінде пайдалануға болады.

Жұмыс нәтижелерінің практикалық мәні. Жұмыс нәтижелерін тапсырыс берушілердің, әлеуетті өнім берушілер мен өнім берушілердің, құқық қолдану органдарының, сот органдарының, соңымен қатар заң шығарушы және реттеуші органдардың жұмыстарында қолдануға болады.

##submission.authorBiography##

##submission.authorWithAffiliation##

Құқықтану кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты

##submission.downloads##

Жарияланды

01.10.2025

##submission.howToCite##

Ильясова, С. М., Алдабергенова, Н. А., & Жусупбекова, М. Қ. . (2025). МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ТУРАЛЫ ШАРТТАРДЫ ЖАСАСУДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕР. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 80(3). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2025_80_3_99

Журналдың саны

Бөлім

Азаматтық және азаматтық-процестік құқық