ХАЛЫҚАРАЛЫҚ НЕКЕЛЕР: ШЕТЕЛДІК ЭЛЕМЕНТІ БАР ОТБАСЫЛЫҚ-НЕКЕЛІК ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Авторлар

  • Индира Жарылқасынқызы Әзретбергенова
  • Бинур Адамқызы Тайторина КазНПУ имени Абая
  • Маншук Токтарбековна Бейсенбаева Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2025_80_1_220

Кілт сөздер:

құқық, құқықтық реттеу, шетелдік элементі бар некелік-отбасылық қатынастар, отбасылық заңнама, коллизиялық нормалар, халықаралық отбасылық құқық, халықаралық неке

Аңдатпа

Қазақстанда және шетелде шетелдік элементі бар отбасылық-некелік қатынастардың құқықтық аспектілерін кешенді зерттеу осы қатынастардың барлық қатысушыларының құқықтарын қорғау мен құқықтық қауіпсіздігін арттыру мақсатында қолданыстағы құқықтық жүйенің мәселелерін анықтауға бағытталған. Қазақстандағы және басқа елдердегі құқықтық нормалар мен тәжірибелерді зерделеу және салыстыру шетел элементімен отбасылық-некелік қатынастарды реттеудің жалпы және айрықша тәсілдерін анықтау міндетіне байланысты. Құқықтық нормаларды бағалау және түсіндіру адам құқықтары теориясы мен салыстырмалы құқық призмасы арқылы жүзеге асырылды, бұл отбасылық-некелік қатынастарды реттеудің ерекшеліктері мен мәселелерін негіздеуге мүмкіндік береді.

Заманауи ғылыми әдістер негізінде түрлі елдерде неке қию, халықаралық отбасылық дауларда қолданылатын құқықты анықтау мәселелеріне қатысты қолданыстағы тәсілдерге талдау жасалған. Қазақстан Республикасы отбасылық заңнамасына тарихи даму тұрғысынан шолу жасалған. Мақалада жаһандану және көші-қон ағындарының өсуі аясында отбасылық заңнама көпұлттылық, мәдени және діни нормалардың алуан түрлілігіне байланысты жаңа сын-қатерлерге тап болып отырғаны атап көрсетілген. Талдаудың маңызды аспектісі – халықаралық нормалар мен стандарттарды ұлттық заңнамаға бейімдеу қажеттілігі. Зерттеу шетелдік элементі бар отбасылық-некелік қатынастардағы коллизиялық нормаларды қолданудың өзекті мәселелерін қамтиды. Зерттеудің маңызды нәтижелерінің бірі – Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына халықаралық жеке құқық нормаларын қалпына келтіру мәселесін негіздеу, бұл халықаралық отбасылық қатынастардың барлық қатысушылары үшін неғұрлым айқын және қауіпсіз құқықтық орта қалыптастыруға мүмкіндік береді. Зерттеу Қазақстан Республикасының отбасылық заңнамасын одан әрі дамытудың, азаматтардың құқықтарын қорғауға және заманауи халықаралық талаптарға сәйкестендіруге бағытталуы қажеттілігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік берді.

##submission.authorBiographies##

##submission.authorWithAffiliation##

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің тарих және құқық институтының профессоры, заң ғылымдарының докторы

##submission.authorWithAffiliation##

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Құқық» кафедрасының қауымдастырылған профессоры

##submission.downloads##

Жарияланды

28.03.2025

##submission.howToCite##

Әзретбергенова, И. Ж., Тайторина, Б. А., & Бейсенбаева, . М. Т. (2025). ХАЛЫҚАРАЛЫҚ НЕКЕЛЕР: ШЕТЕЛДІК ЭЛЕМЕНТІ БАР ОТБАСЫЛЫҚ-НЕКЕЛІК ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 80(1). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2025_80_1_220

Журналдың саны

Бөлім

Халықаралық құқық және салыстырмалы құқықтану