ҚАЗАҚСТАН РАТИФИКАЦИЯЛАҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРТТАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН МӘСЕЛЕЛЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2025_80_2_302Кілт сөздер:
халықаралық шарттар басымдылығы, pacta sunt servanda, халықаралық шарттардың мемлекетішілік қолданылуы, халықаралық шарттар құқығыАңдатпа
Зерттеу 1995 жылғы Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабы 3-тармағының бірінші сөйлемінен туындайтын мәселені шешу бойынша ұсынымдар әзірлеуге арналған. Оған сәйкес мемлекет тарабымен Қазақстан үшін халықаралық әдет-ғұрып және халықаралық шарттар құқықтары тұрғысынан міндетті pacta sunt servanda қағидасы бұзылуының ықтимал мүмкіндігі бар. Мақала мәселесінің себебі халықаралық шарт және ұлттық заң ережелері арасында мағыналы қақтығыс болған жағдайда Конституция ережесінің тек ратификацияланған және оларға теңестірілген халықаралық шарттармен шектелетіндігі болып танылады. Алайда 1969 жылғы халықаралық шарттар құқығы туралы Вена конвенциясының 11-бабына сәйкес, ратификациялау – қол қою, қабылдау, бекіту, қосылу және тағы басқа әдістермен қатар мемлекет тарабымен халықаралық шарт міндеттілігіне келісім білдірудің бір ғана әдісі. Демек, ұлттық заң және ратификациялаудан өзгеше не ратификациялауға теңестірілген тәсілден өзгеше түрде келісім білдірілген Қазақстан халықаралық шарты ережелері арасында қайшылықтар болған жағдайда қаралып отырған конституциялық ереже ұлттық құқық субъектісіне пайда болған құқықтық қатынасыты (дауды) реттеу үшін халықаралық шарттың тиісті нормасын қолдануға мүмкіндік бермейді. Өз кезегінде, мұндай жағдай мемлекет тарапымен 1969 жылғы халықаралық шарттар құқығы туралы Вена Конвенциясының 26 және 27-баптарының бұзылуына алып келеді.
Зерттеу қорытындысы ретінде автор халықаралық шарттардың мемлекет заңдары алдындағы басымдылығын айқындау кезінде ратификациялау тәрізді халықаралық шарт міндеттілігіне мемлекет келісімін білдірудің жеке түрін заңнамадан алып тастау туралы ұсыным ұсынады.