ЖАРИЯ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ДАУ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК ПРОЦЕСТІҢ ФЕНОМЕНІ РЕТІНДЕ

Авторлар

  • Диана Рамзиевна Егежанова
  • Индира Советовна Сақтағанова

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2025_80_4_71

Кілт сөздер:

жария құқықтық дау, әкімшілік процесс, басқару, әкімшілік рәсімдер, тиімді тетіктер

Аңдатпа

Заманауи жария құқықтың ғылыми тұжырымдамаларында жария құқықтық даулар институты ерекше орын алуда. Осы мақалада авторлар әкімшілік процестегі жария құқықтық дауалардың маңызды мәні бар өзекті мәселелерге назар аударды. Осы мақсатта жария құқықтық даудың түсінігіне және оның түрлеріне қатысты теориялық талдау жүргізіліп, тәжірибеде қарастырудың тиімді тетіктері талданды. Кез-келген дамыған елдін сот жүйесіндегі даулар жағымсыз факторы ретінде танылады және қатысушылардың мәртебесіне, әсіресе жауапкер атанған әкімшілік орган үшін кері құқықтық салдарға әкеп соғады. Әкімшілік және сот рәсімдерін іске қосылған жағдайда мемлекеттік басқару құрылымдарының әкімшілік қызметінің мықты және әлсіз жақтары, жіберілген қателіктері анықталады. Мұндай жағдайлар әкімшілік-құқықтық және сот жүйелерін неғұрлым тиімді тәсілдерін жетілдіруге зор мүмкіндік береді.

Авторлар жария-құқықтық дауларды құқықтық реттеудің шетелдік тәжірибесіне назар аударды. Шет елдердің әкімшілік істер бойынша жария сот төрелігі әлде қашан алда болғаны мәлім.

 Әкімшілік жария өндірістерді қараудың тетіктерін пайдалану мен оларды сот жүйесінде қолдану ережелерін дайындауда халықаралық тәжірибенің маңыздылығы дәлелденіп отыр. Дегенмен, осымен қатар қазақстандық әкімшілік сот тәжірибесінде сот процесін жеделдету мен тиімділігін арттыратын жаңашылдықтарды нормативті бекіту қажет етілуде.

##submission.downloads##

Жарияланды

23.12.2025

##submission.howToCite##

Егежанова, Д. Р., & Сақтағанова, И. С. (2025). ЖАРИЯ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ДАУ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК ПРОЦЕСТІҢ ФЕНОМЕНІ РЕТІНДЕ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 80(4). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2025_80_4_71