ПАРИЖ КЕЛІСІМІ ШЕҢБЕРІНДЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ КЛИМАТТЫҚ ЗАҢНАМАСЫНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ

Авторлар

  • Айгуль Ашимовна Нукушева Е.А. Букетов атындағы Қарағанды университеті
  • Томирис Сайлауовна Смагулова Каспий қоғамдық университеті
  • Динара Кенжебекқызы Рустембекова академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті https://orcid.org/0000-0003-4408-7956

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2025_80_1_205

Кілт сөздер:

климаттың жаһандық өзгеруі, климаттық заңнаманың эволюциясы, халықаралық климаттық ынтымақтастық, парниктік газдар шығарындыларын азайту, жаңартылатын және баламалы энергия көздері, «жасыл» экономика

Аңдатпа

XXI ғасырдың жаһандық проблемаларының бірі қоғам мен мемлекет өмірінің экологиялық, әлеуметтік және экономикалық салаларына айтарлықтай әсер ететін климаттық өзгерістер болды. Осы дүниежүзілік проблеманы шешудің тиімді тетігі адам қызметінің климатқа әсерін төмендетуге және оның өзгерістеріне бейімделуге бағытталған климаттық заңнаманың болуы болып табылады. Бүгінгі күні климаттық заңнама әлемнің көптеген елдерінің мемлекеттік саясатының ажырамас элементіне айналды. Бұл зерттеу климаттың өзгеруіне қарсы күрес жөніндегі халықаралық заңнаманың эволюциясын талдайды, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымы және Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым сияқты халықаралық ұйымдардың материалдарын зерделейді. Зерттеуде климаттың өзгеруіне байланысты мәселелерді шешу үшін ұлттық деңгейде де, жаһандық басқару деңгейінде де тиімді саясат пен құқықтық реттеудің болуы маңызды екендігі ерекше атап өтіледі. Осы бағыттардағы үйлестірілген әрекеттер климаттық қиындықтарды еңсеру және тұрақты дамуға қол жеткізу үшін негізгі фактор болып табылады. Мақалада халықаралық конвенциялар мен келісімдер шеңберінде алынған міндеттемелерді орындау тұрғысынан Қазақстан Республикасының климаттық заңнамасын қалыптастырудың негізгі кезеңдері қаралады. Қазақстанның құқықтық жүйесіне Париж келісімінде бекітілген халықаралық міндеттемелерді интеграциялау үдерісіне, сондай-ақ парниктік газдар шығарындыларын азайтуға, жаңартылатын және баламалы энергия көздерін дамытуға, көміртек нарықтарын енгізуге бағытталған мемлекеттік механизмдерге ерекше назар аударылған. Қорытынды бөлімде Париж келісімі шеңберінде Қазақстанның климаттық міндеттемелерін тиімді іске асыру және жаһандық климаттық өзгерістер жағдайында тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін заңнамалық базаны одан әрі жетілдірудің маңыздылығы атап өтілген.

##submission.authorBiography##

##submission.authorWithAffiliation##

Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің азаматтық және еңбек құқығы кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының кандидаты, профессор

##submission.downloads##

Жарияланды

28.03.2025

##submission.howToCite##

Нукушева, А. А., Смагулова, Т. С., & Рустембекова, Д. К. (2025). ПАРИЖ КЕЛІСІМІ ШЕҢБЕРІНДЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ КЛИМАТТЫҚ ЗАҢНАМАСЫНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 80(1). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2025_80_1_205

Журналдың саны

Бөлім

Халықаралық құқық және салыстырмалы құқықтану