ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА ҚҰҚЫҒЫ, АВТОКӨЛІК ЖӘНЕ ЖОЛДАР
Кілт сөздер:
валюта, көлік, заңнама, автожолдар, автомобиль, экспорт, импорт, сату, вексель, қаржыАңдатпа
Осы ғылыми мақалада халықаралық және қазақстандық валюта құқығының арақатынасын зерттеу әрекеті, халықаралық және қазақстандық валюта-қаржы құқығы аясында автокөлік пен автожолдардың даму саласын талдау әрекеті жасалды. Автомобиль өнеркәсібінің, автокөліктің отандық және халықаралық бағыттарда қазақстандық және шетелдік валютамен жолаушылар мен жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметтерді ұсыну субъектісі ретіндегі табыстары республиканың автопромының қалыптасуы мен дамуы, жеңіл, жүк автомашиналары мен автобустарын қозғалыс құралдары және жүк тасымалдау ретінде пайдалану кезеңдерімен, республикалық валюта заңнамасын дамыту кезеңдерімен, валюталық, қаржылық, вексельдік, сауда құқығы мәселелері жөніндегі халықаралық конвенциялардың, келісімдердің мазмұндық нормаларымен қисынды байланысқан. Мақала авторы оқырманның назарын қазақстандық электрондық үкімет жүйесінде «Бір терезе» құрылғанына аударады. Мақалада автомобильдерді өндіру мен пайдалануға, автомобиль жолдарын салу мен пайдалануға қатысы бар Қазақстан Республикасының валюталық-қаржылық және сауда заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсыныстар тұжырымдалған және негізделген. Онда Ұлттық банктің және индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бірлескен нұсқаулығымен көлік ұйымдарына экспорттық түсімді есептеу тәртібі туралы 2018 жылғы валюталық реттеу туралы Заңның бабын нақтылау туралы ұсыным ұсынылды. «Қазақстан Республикасының сыртқы саудасы туралы» және «Республика автотрассасының бойында жол инфрақұрылымының бірінші сыныпты объектілерін салу туралы» жаңа қазақстандық заңдарды қабылдау қажеттілігі туралы ұсыныстар негізделген.