ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР ЖҮРГІЗУ МЕН ҒЫЛЫМИ ЭТИКАНЫ САҚТАУ ЖӨНІНДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАР МЕН СТАНДАРТТАРДЫ ТАЛДАУ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2024_79_4_196Кілт сөздер:
ғылыми зерттеулер, зерттеушілер, халықаралық-құқықтық реттеу, халықаралық құқық, этика нормалары, БҰҰ, ЮНЕСКО, адам құқықтарыАңдатпа
Ғылыми әдебиеттерде ғылыми зерттеуге «бұл ғылыми білім алуға байланысты теорияны зерттеу, эксперимент жүргізу, тұжырымдамалау және тексеру процесі» деген анықтама берілген. Ғылымның әр түрлі салаларында ғылыми зерттеулер жүргізуді халықаралық құқықтық реттеу ғылым саласындағы халықаралық ынтымақтастық аясында жүргізіледі. Ғылыми зерттеулер жүргізуді халықаралық құқықтық реттеудің жалпы екі түрі болатынын айта кеткен жөн, ол – әмбебап және аймақтық деңгейде халықаралық құқықтық реттеу. Мақалада ғылыми зерттеулер жүргізу мен ғылыми этиканы сақтауға қатысты әмбебап және аймақтық деңгейдегі халықаралық құқықтық нормалар мен стандарттарға талдау жасалған. Осы салаға қатысты негізгі халықаралық ережелер ғылыми зерттеу жүргізуге қатысты ережелерді белгілейді. Мәселен, кез-келген ғылыми зерттеулер адам құқықтарының жалпыға бірдей стандарттарына сәйкес жүргізілуі керек. Осы сала бойынша қабылданған халықаралық құжаттарды екіге бөліп қарастыруға болады, олар мемлекеттердің арасында қабылданған халықаралық келісімдер және халықаралық ұйымдар аясында қабылданған халықаралық-құқықтық актілер. Мақалада негізінен халықаралық ұйымдар аясында қабылданған халықаралық-құқықтық актілерге талдау жасалды. Ғылыми зерттеулер ғылыми қызметкерлердің де (зерттеушілердің) де, зерттеу объектілері болатын адамдардың да құқықтарын сақтай отырып, жауапкершілікпен жүргізілуге тиіс. Ғылыми зерттеулер адал жүргізілуге және зерттеу барысында этикалық кодекс сақталуға тиіс. Мақаланың мақсаты – ғылыми зерттеулер жүргізу мен ғылыми этиканы сақтау жөніндегі халықаралық құқықтық нормалар мен стандарттарға осы саладағы ғылыми еңбектерге сүйене отырып талдау жасау және сол арқылы ғылыми зерттеулерді жүргізу мен ғылыми этиканы сақтау саласының халықаралық құқықтық реттелу деңгейін анықтау.