МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІК ЖОБАЛАРЫНЫҢ ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ШЫҒЫНДАРЫН ӨТЕУ МЕХАНИЗМІН ЖЕТІЛДІРУ

Авторлар

  • Ерлан Амангелдіұлы Асабаев

Кілт сөздер:

МЖӘ механизмі, МЖӘ жобалары, жеке серіктес, Концессия, мемлекеттік серіктес, МЖӘ орталығы, МЖӘ модельдер

Аңдатпа

Қазіргі жағдайда мемлекет пен жеке серіктес арасындағы ынтымақтастық халық үшін маңызды әлеуметтік, көлік, энергетикалық және басқа инфрақұрылымдарды дамытуда шешуші рөл атқарады.

Мақалада мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктің жүзеге асырылуы талқыланады, халықаралық тәжірибеге және Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобаларының қазіргі жағдайына талдау жасалады. Осы саланың динамикасын ескере отырып, мемлекет пен жеке бизнес ынтымақтастық саласындағы зерттеулердің өзектілігі жыл сайын артып келеді. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында инвестициялық ахуалды қалыптастыру мақсатында, Үкіметпен мемлекет экономикасына шетелдік ресурстарды тарту үшін жағдай жасалып, оның ішінде мемлекеттік-жеке меншік серіктестікті дамытуға ерекше назар аударылады.

Халықаралық тәжірибені талдау, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік туралы заңдарды, әсіресе мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобасын қаржыландыру, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік шығындарының орнын толтыру, сондай-ақ мемлекеттік-жеке меншік серіктестіктердің кірістерін қалыптастыру бөлігінде айтарлықтай жетілдіруді талап ететіндігін көрсетеді.

Мақаланың мақсаты - мемлекет пен жеке серіктестің тиімді өзара іс-қимылына кедергі келтіретін заңнамадағы кемшіліктерді анықтау. Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік туралы заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар берілген.

Осы сұрақтарды оңтайландыру бірқатар маңызды мәселелерді шешуге жол беріп, атап айтқанда, мемлекеттік бюджетке қысымды азайту, халықтың инфрақұрылымға деген өсіп келе жатқан қажеттіліктеріне дер кезінде жауап қайтаруға, жеке бизнесті дамытуға, сондай-ақ мемлекетке, жеке инвесторлардан, инновациялық шешімдерді алуға мүмкіндік береді.

        

##submission.downloads##

Жарияланды

30.06.2020

##submission.howToCite##

Асабаев, Е. А. (2020). МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІК ЖОБАЛАРЫНЫҢ ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ШЫҒЫНДАРЫН ӨТЕУ МЕХАНИЗМІН ЖЕТІЛДІРУ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 2(60). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/170

Журналдың саны

Бөлім

Халықаралық құқық және салыстырмалы құқықтану