ӘКІМШІЛІК ТАЛАП ҚОЮ: ТҮСІНДІРУ ЖӘНЕ ҚОЛДАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2025_80_2_35Кілт сөздер:
әкімшілік талап қою, жария-құқықтық дау, жария құқықтар, заңды мүдделер, әкімшілік процесс, әкімшілік сот, басқаруАңдатпа
Әкімшілік талап қою институтының заңнамалық рәсімделуі оның теориялық және тәжірибелік негізін зерттеуге жағдай жасады. Нормативтік және сот тәжірибесі көрсеткендей, әкімшілік рәсімдік-процестік заңнаманың одан әрі дамуы, әкімшілік талап қою институтымен байланысты кейбір анықтамаларды нақты түсінуді қажет етеді. Жария құқықтық дауларда азаматтар мен бірлестіктердің мүдделерімен қатар мемлекеттің мүдделері қозғалуы әбден мүмкін. Мемлекет пен қоғамның мүдделері мен бұзылған құқықтарының қорғалмауы әкімшілік әділет институтының дамуына кедергі болады.
Ғылыми және аналитикалық шолудың негізінде авторлар әкімшілік процесте талап қою институтынан туындайтын өзекті сұрақтарға назар аударды. Ғылыми мақалада жария құқықтық даулар бойынша әкімшілік процестік заңнаманы өзге процестік өндірістің нысандарынан толықтай ерекшелендіру қажеттілігі дәлелденді. 2021 жылдан бергі сот тәжірибесі көрсеткендей, мемлекеттік органдардың шешімдері мен әрекеттерін (әрекетсіздігін) даулау бойынша талаптар ең көп қаралған талаптар екендігі байқалады. Даулау бойынша сотқа жүгінудің басты себептері кәсіпкерлік еркіндігі, құқықтық саясаттың дамуы мен жария қатынастарда мемлекеттің мәнінің өзгеруі болуда. Осы және өзге деп себептер әкімшілік процестің қатысушыларының құқықтарын реттеудің жолдарын жетілдіруді ғана емес, мемлекет мен қоғамның мүдделерін қорғаудың қазіргі шараларын қабылдауды қажет етеді.