ЗАҢ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ З.Ғ. ҚАЗИЕВТІҢ, А.Б. ЕСІМОВАНЫҢ «САЛАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ МОНИТОРИНГ: ЖАЛПЫ ҰҒЫМ, МІНДЕТТЕР ЖӘНЕ ӨТКІЗУ МҮМКІНДІКТЕРІ» ҒЫЛЫМИ ЖАРИЯЛАНЫМЫНА ҚАЙТА ОРАЛҒАНДА
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2024_79_4_309Кілт сөздер:
құқықтық мониторинг, салалық құқықтық мониторинг, баламалы құқықтық мониторинг, заң шығару, заңнамаАңдатпа
Мақала 2016 жылы «Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институтының хабаршысы» журналының беттерінде жарияланған з.г.к. З.Ғ. Қазиев, А.Б. Есімованың «Салалық құқықтық мониторинг: жалпы ұғым, міндеттер және өткізу мүмкіндіктері» атты ғылыми мақаласына шолу жасауға арналған.
Мақалада салалық құқықтық мониторингтің жалпы түсінігі, құқықтық табиғаты ашылады, салалық құқықтық мониторингті ұйымдастыру мәселелері қарастырылады. Авторлар «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құқықтық мониторингтің мақсаттары мен міндеттерін сипаттайды.
Салалық құқықтық мониторингті енгізуге бағытталған з.г.к. З.Ғ. Қазиев, А.Б. Есімова әзірлеген ұсынымдарды баламалы құқықтық мониторинг (заңнаманың тиімділігін талдау) шеңберінде мемлекеттік органдар мен «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» (бұдан әрі - Институт) іске асырды.
Институт жүргізіп отырған заңнаманы салалық талдаудың ұйымдастырушылық-құқықтық аспектілеріне ерекше назар аударылды. Заңнаманың тиімділігіне талдау құқықтық мониторинг жүргізу кезінде мемлекеттік органдарға жәрдем көрсету мақсатында жүргізіледі.
Институт қазіргі уақытта жүргізіп отырған заңнаманың салалық талдауы (пилоттық режимде) мемлекеттік органның қызмет саласы ауқымындағы нормативтік реттеудің жай-күйін зерделеуден тұрады, өйткені ол тұтастай алғанда құқықтық жүйенің тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді.