РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫ МЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОРПОРАТИВТІК ЗАҢНАМАЛАРЫНЫҢ ДАМУЫ ТУРАЛЫ: САЛЫСТЫРМАЛЫ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАЛДАУ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2026_81_1_346Кілт сөздер:
коммерциялық заңды тұлғалар, Ресей Федерациясы, Қазақстан Республикасы, корпоративтік құқық, заңнаманы жаңғыртуАңдатпа
Аталмыш мақалада (мүшелік) қатысу көзделген коммерциялық заңды тұлғалар туралы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының қазіргі заңнамаларының даму мәселелері қарастырылады. Аталған мемлекеттерде корпоративтік құқық жеке тәжірибеге, революцияға дейіңгі және кеңес дәуірі кезеңдерінің зерттеулері мен еңбектеріне, роман-германдық және англосаксондық құқықтық отбасылардың ықпал етуінен байланысты дамиды. ХХ ғасырдың 80-жылдарының аяғынан бастап қазіргі уақыт аралығындағы бірдей уақыт кезеңдеріндегі аталған мемлекеттер заңнамаларының салыстырмалы талдауы жүргізілді. Ресейлік заңгерлердің еңбектерінде белгіленген Ресей Федерациясының корпоративтік заңнамасын жетілдірудің кезеңдері зерттелді және Қазақстан Республикасының корпоративтік заңнамасының даму кезеңдерін анықтау әрекеті жүргізілді. Аталмыш мемлекеттердің мүшелікке (қатысу) негізделген коммерциялық заңды тұлғалар туралы заңнамаларындағы аса маңызды өзгерістері туралы сөз қозғалды. Ресей Президентінің 2008 жылғы 18 шілдедегі № 1108 «Ресей Федерациясының Азаматтық кодексін жетілдіру туралы» жарлығын орындауда дайындалған 2008 жылға дейіңгі Корпоративтік заңнамаларды дамыту концепциялары мен Азаматтық заңнамаларды дамыту концепцияларын жүзеге асыруда жүргізілген Ресей Федерациясындағы азаматтық корпоративтік заңнамаларды реформалау мәселелері зерттелді. Аталған мемлекеттердің корпоративтік заңнамаларының жақындасу алғышарттарының болуын ескере отыра, олардың Тәуелсіз мемлекеттер достастығы мен Еуразиялық экономикалық одақта қатысуына байланысты және де заңнамалардың үйлесімдігі туралы келісм шарттының болуына байланысты мақалада Қазақстан Республикасының құқық негіздеріне Ресей Федерациясының құқық негіздерінен, автордың пікірі бойынша неғұрлым тиімді болатын, кейбір құқықтық конструкцияларды қабылдау ұсынылады. Сонымен қатар зерттеуде Қазақстан Республикасының корпоративтік заңнамаларын ары қарай дамыту бойынша басқа да ұсыныстар орын алады.

