ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ҰҒЫМЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ДЕФИНИЦИЯСЫ: ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕР МЕН ЗАҢНАМАЛЫҚ ТҰЖЫРЫМДАР
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2025_80_4_35Кілт сөздер:
жасанды интеллект, құқықтық реттеу, цифрлық технологиялар, цифрландыру, зияткерлік жүйелерАңдатпа
Берілген мақалада жасанды интеллект түсінігін анықтаудың әртүрлі тәсілдері қаралады және талданады, сондай-ақ цифрлық технологияларды дамыту саласындағы стратегиялық сипаттағы мемлекеттік бағдарламалық құжаттарға шолу жасалады.
Өмірдің әртүрлі салаларында жасанды интеллекттің белсенді түрде енуі жағдайында «жасанды интеллект» заңды тұжырымдамасын әзірлеу және оны құқықтық актілерде бекіту мәселелерін қарастыру өте өзекті болып табылады.
Қазіргі уақытта жүзеге асырылып жатқан процестер құқық ғылымы алдына жасанды интеллекттің дамуы жағдайында құқықтың рөлі мен оның құқықтық табиғатын жалпы теориялық тұрғыдан түсінуге байланысты бірқатар маңызды мәселелерді қойып отыр. Қазіргі таңда әртүрлі салаларда, соның ішінде құқықтық салада жасанды интеллектті енгізу мен пайдалану ерекшелігін зерттеу өзекті болып табылады.
Зерттеу мақсаты заң әдебиеттері мен нормативтік құқықтық актілерде жасанды интеллектті анықтаудың әртүрлі әдістерін талдау негізінде «жасанды интеллект» анықтамасын беру болып табылады. Авторлар қазіргі уақытта жасанды интеллект ұғымының біркелкі анықтамасының жоқтығын, бұл ұғымның халықаралық құжаттарда да, құқықтық ғылыми әдебиеттерде де нақты айқындалмағанымен байланыстырады. Зерттеу барысында жасанды интеллект түсінігін анықтаудың бірыңғай тәсілдерін қалыптастыру жасанды интеллект технологияларын қолдану тәжірибелерінің жинақталуына және нормативтік құқықтық базаның дамуына қарай құрылатындығы анықталды.
Жасанды интеллектті жасау және қолдану саласында заңнаманың жетілдірілуі осы технологияның дамуының жалпы деңгейіне жағымды әсер етіп, еліміздің технологиялық дамуына ықпал етеді. Қазіргі таңда мемлекеттің маңызды стратегиялық міндеттерінің бірі жасанды интеллектті жасау және пайдалану бойынша заңнамаларды жетілдіру болып табылады. Бұл тұжырымдамалық-категориялық аппарат құруды, жасанды интеллект технологиясын қолдану қауіпсіздігі, заңды жауапкершілік мәселелерін реттеуді талап етеді.

