ИНТЕРНЕТТЕГІ АЛАЯҚТЫҚТЫ ТЕРГЕУДІҢ ЖЕКЕЛЕГЕН АСПЕКТІЛЕРІ

Авторлар

  • Асқар Әбужанұлы Қалиев Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2025_80_2_294

Кілт сөздер:

Интернет, киберқауіп, алаяқтық, жасанды интеллект, криптовалюта, блокчейн, жаңа технологиялар, киберқылмыс

Аңдатпа

Заманауи технологиялар мен цифрландыру әлемде киберқылмыстың таралуының негізгі себептері болып табылады. Оларды қолдану деңгейіне байланысты қылмыстар екі санатқа бөлінеді: бірінші - киберге тәуелді қылмыстар және екінші - кибертехнологияларды пайдалану арқылы жасалатын қылмыстар.

Бұл мақалада екінші санатқа жататын ең кең таралған киберқылмыстардың бірі – интернет-алаяқтық қарастырылады. Автор бұл қылмыс түрінің жекелеген аспектілерін, оның ұғымы мен негізгі түрлерін, таралу себептері мен құқық қорғау органдарының істерді нашар ашуының себептерін талдаған. Интернет-алаяқтықпен күресу әдістерін үнемі жетілдірудің маңыздылығы туралы мәселелер қозғалды, атап айтқанда, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, жаңа білім беру бағдарламаларын немесе жеке оқу модульдерін енгізу және блокчейн немесе жасанды интеллект сияқты заманауи технологияларды пайдалану. Қылмыскерлердің қылмыстық қызметінің іздерін жасыру мақсатында криптовалюталарды пайдалануына ерекше назар аударылды. Қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасайтын тұлғалар арасында танымал кейбір цифрлық активтердің ерекшеліктері ашып көрсетілді.

Жұмыста осындай қылмыстарды тергеудің заманауи әдістеріне, әсіресе электрондық дәлелдемелердің маңыздылығы мен цифрлық іздерді талдауға ерекше көңіл бөлінген. Мақала авторы интернет-алаяқтармен күреске бағытталған жүйені құрудың қажеттілігін атап өтеді. Бұл жүйеге ұйымдастырушылық және техникалық қарсы іс-қимыл әдістерін енгізу, сондай-ақ осы санаттағы қылмыстар санын азайта алатын алдын алу шараларын күшейту жатады.

Осы зерттеу нәтижелері киберқылмыстарды тергеуге қатысатын құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне арналған мамандандырылған білім беру бағдарламаларын әзірлеуде, сондай-ақ интернет-алаяқтықты анықтау және оны тоқтатудың неғұрлым тиімді әдістерін әзірлеуде пайдаланылуы мүмкін.

##submission.downloads##

Жарияланды

30.06.2025

##submission.howToCite##

Қалиев, А. А. . (2025). ИНТЕРНЕТТЕГІ АЛАЯҚТЫҚТЫ ТЕРГЕУДІҢ ЖЕКЕЛЕГЕН АСПЕКТІЛЕРІ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 80(2). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2025_80_2_294