ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ ӘКІМШІЛІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ ШАРАЛАРЫН САЛЫСТЫРМАЛЫ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАЛДАУ (ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙ ТӘЖІРИБЕСІ)
Кілт сөздер:
неке, тұрмыстық зорлық-зомбылық, үй зорлық-зомбылық, құқық қорғау органдары, алдын алу, отбасылық құндылықтар, отбасыАңдатпа
Бұл мақалада Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының әкімшілік заңнамасына, стратегиялық құжаттарына және тұрмыстық (үй) зорлық-зомбылықтың алдын алу субъектілерінің қызметіне салыстырмалы-құқықтық талдау жүргізілді. Авторлар Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының отбасы институтын қорғау тетігін реттейтін негізгі құқықтық актілердің, құжаттар мен бағдарламалардың мәні мен рөлін анықтады. Талдау барысында авторлар Америка Құрама Штаттарының, Канада, Молдова, Ресей Федерациясының, Қырғыз Республикасының және басқа да бірқатар мемлекеттердің тәжірибесін зерттеді. Талдау нәтижелері бойынша авторлар аталған мемлекеттерде тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесіне ерекше көңіл бөлінетіндігі туралы қорытынды жасады, сонымен қатар отбасын қолдау мен қорғауды жүзеге асыратын көптеген құқықтық актілерге және субъектілерге қарамастан, отбасы-тұрмыстық жанжалдарды алдын алу мәселесі өзекті болып отыр. Осыған байланысты осы мақалада авторлар алдын алу шаралары тиімділігінің төмен болуының негізгі себептерін анықтап, оларды шешудің заңнамалық жолдарын ұсынды. Тұрмыстық (үй) зорлық-зомбылық алдын алудың басты мәселелерінің бірі ретінде жеке алдын алу шараларының тиімді еместігі анықталды. Өзектілікті талап ететін тұрмыстық зорлық-зомбылық саласындағы құқық бұзушылықты алдын алудың негізгі алты шаралары (қорғау нұсқамасы, ерекше талаптарды белгілеу, әкімшілік ұстау, тараптарды татуластыру, түзету бағдарламалары, ерте алдын алу) анықталды. Олардың әрқайсысы бойынша заңнамалық өзгерістер мен құқық қолдану тәжірибесін жетілдіру жолдары ұсынылды. Авторлардың пікірінше, алдын алу шаралары кешенді және жүйелі сипатқа ие болуы тиіс, олардың тиімділігі тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу саласындағы барлық уәкілетті органдардың өзара іс-қимылына байланысты.