ӘЙЕЛДЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ КРИМИНОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2025_80_3_369Кілт сөздер:
тұрмыстық зорлық-зомбылық, виктимология, заң, зорлық-зомбылық, физикалық зорлық-зомбылық, қылмыс, отбасы-тұрмыстық қатынастарАңдатпа
Әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлықтар дүние жүзі бойынша кеңінен тараған және мәдени, географиялық орналасуынан тыс таралып отырған бүкіләлемдік мәселе болып табылады. Бұл зорлық-зомбылықтың барлық түрлері адам құқықтары мен бостандықтарының бұзылуына әкеледі. Тұрмыстағы зомбылықтар әйелдер өз өміріндегі жиі кездесетін зорлық-зомбылық түрлерінің бірі болып табылады, ал ол көбінесе беймәлім немесе таныс адамдардың физикалық тұрғыдағы немесе жыныстық сипаттағы күш қолдануынан әлдеқайда жиі кездеседі. Бұл мақаланың басты мақсаты – тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдырмау жолдары және ол іс-әрекеттермен күрес жүргізу үшін, оның себептері мен оған ықпал ететін факторларын тыңғылықты зерттеу. Мақалада тұрмыстық зорлық-зомбылыққа әсер ететін факторлар, қылмыстың виктимологиясы мен криминологиялық аспектілері қарастырылды. Зерттеу нәтижелері бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдырмау және онымен күресу бойынша ұсыныстар жасалды, сол ұсыныстарды жүзеге асыруда қандай әдіс-тәсілдер қолданылды, олар қаншалықты тиімді, сондай-ақ Қазақстандағы қолданыстағы заңнамаларға талдау жүргізіліп, тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдырмау шаралары ұсынылды.
Әртүрлі сипаттағы зорлықтарды болдырмау үшін ұсынымдар қоғамды ақпараттандыруды жақсарту, құрбандарға қолдау көрсету және құқық бұзушыларға жазаны күшейтуді қамтиды. Әйелдерге зорлық-зомбылық оқиғалары туралы қауіпсіз хабарлауға мүмкіндік беретін тиімді тетіктерді құру, сондай-ақ болашақта зорлық - зомбылықтың алдын алу үшін жастар арасында профилактикалық іс - шаралар жүргізу маңызды.
Қазақстандағы тұрмыстық зорлық - зомбылық мәселесі, басқа елдердегідей, заңнаманы қатайтуды ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік нормалар мен құндылықтарды өзгертуді қамтитын кешенді тәсілді қажет етеді. Бұл үдерісте әйелдер үшін қауіпсіз және әділ ортаны құруға бағытталған білім беру және әлеуметтік бағдарламалар маңызды рөл атқарады.