МЕЛИОРАЦИЯЛАНҒАН ЖЕРЛЕРДІ ҰТЫМДЫ ПАЙДАЛАНУДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2026_81_1_109Кілт сөздер:
құқықтық реттеу, рационалды пайдалану, жер қатынастары, экологиялық қауіпсіздік, ауыл шаруашылығы өндірісі, жер заңнамасыАңдатпа
Мақалада мелиорацияланған жерлерді ұтымды пайдалануда кезіндегі құқықтық мәселелері қарастырылды. Жерді мелиорациялау ауыл шаруашылығы өнімділігін арттыру мен экологиялық тепе-теңдікті сақтау үшін маңызды құрал болып табылады. Зерттеудің мақсаты – мелиорацияланған жерлерді ұтымды пайдалануды құқықтық қамтамасыз етудің қазіргі жағдайын талдау, оның негізгі проблемаларын айқындау және осы саладағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу. Мақалада ауыл шаруашылық саласындағы жерлерді, суларды, өсімдіктерді тиімді пайдалану, жердегі ресурстарды үнемдеу, ауыл шаруалық жерлердің қазіргі мәселелері, мемлекеттік бағдарламалары, жер саласын қаржыландыру тетігін негіздей отырып өзектілігін қарастырылған. Зерттеу барысында мелиорацияланған жерлерді пайдалануға қатысты құқықтық реттеу мәселелеріне зерттеулер жүргізе отырып, мелиорацияның құқықтық анықтамасы, жер ресурстарын тиімді пайданану, ауыл шаруашылық жерлерді тозуына жол бермеу, жер саласына байланысты құқықтық актілер жетілдіру, арнайы заңдар қабылдау туралы қорытынды мен ұсыныстар берілген. Мақаланың әдіснамалық негізін танымның жалпы ғылыми және арнайы ғылыми әдістері құрады. Ғылыми мақаланы жазу барысында құқықтық талдау, тарихи, синтез, индукция т.б. әдістерді кеңінен қолданылды. Зерттеу нәтижесіндегі ұсыныстар жер қатынастар саласында, жерлерді тиімді пайдалану, ауыл шаруашылық жерлерін тозу, жер заңнамасы мен жер қатынастар саласындағы құқықтық актілерге толықтырулар мен өзгерістер енгізу немесе арнайы заңдар қабылдаудың маңыздылығы қарастырылды.

