ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТ ӨТКЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМАНЫҢ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУДЫҢ КЕЙБІР ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Авторлар

  • Аида Бақытжанқызы Қайжақпарова
  • Жанара Абдильдаевна Жадауова Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты
  • Алуа Құрманғалиқызы Жақсылықова

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2025_80_2_263

Кілт сөздер:

әскери қызмет, әскери қызметші, заңнаманың тиімділігін талдау, әскери қызметті өткеру саласындағы заңнама, әскери кадрлар, заң

Аңдатпа

Бұл мақала әскери қызмет саласындағы заңнаманың тиімділігін талдауға арналған. Мақалада әртүрлі қолдану тәжірибесін қалыптастыруға ықпал ететін кейбір мәселелер, сондай-ақ аталған мәселелерді шешу жолдары қарастырылады.

Қазақстан Республикасындағы әскери қызмет Ұлттық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етудің ажырамас бөлігі болып табылады. Геосаясат саласындағы жаһандық өзгерістер, сондай-ақ халықаралық терроризм, киберқауіптер және экологиялық апаттар сияқты трансшекаралық сын-қатерлер мен қауіптер санының артуы жағдайында әскери қызмет институтының маңыздылығы ерекше өзектілікке ие болады.

Қазақстан Республикасында көптеген жылдар бойы әскери қызмет туралы заңнаманы тұрақты реформалау жүргізілуде. Әскери қызмет туралы заңнама Нормативтік құқықтық актілермен, бірінші кезекте Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен және т. б. регламенттеледі. Мақаланы жазу кезінде осы мәселені ашуға ықпал ететін ғылыми талдаудың әртүрлі әдістері қолданылды: жалпы ғылыми, логикалық әдістер (талдау, синтез, дедукция, индукция және т.б.) және жеке ғылыми әдістер, соның ішінде салыстырмалы-құқықтық әдіс, техникалық-құқықтық әдіс, формальды-құқықтық.

Мақалада Қазақстан Республикасының Әскери қызмет өткеру саласындағы заңнамасын жетілдіру жолдары ұсынылды, оларды іске асыру бойынша ғылыми негізделген ұсынымдар мен ұсыныстар әзірленді. Осыған байланысты авторлар олқылықтарды, ақауларды анықтап, әскери қызмет өткеру саласындағы кейбір заңнама институттарын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізді.

Осылайша, бұл зерттеудің маңыздылығы әскери қызмет саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдірудің, оның тұтастығы мен дәйектілігін қамтамасыз етудің объективті қажеттілігіне байланысты артады.

##submission.authorBiography##

##submission.authorWithAffiliation##

з.ғ.к.

##submission.downloads##

Жарияланды

30.06.2025

##submission.howToCite##

Қайжақпарова, . А. Б. ., Жадауова , Ж. А., & Жақсылықова, . А. К. (2025). ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТ ӨТКЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМАНЫҢ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУДЫҢ КЕЙБІР ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 80(2). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2025_80_2_263