ӘКІМШІЛІК ТАЛАП АРЫЗДЫ МӘНІ БОЙЫНША ҚАРАУҒА РҰҚСАТ ЕТІЛУІН ҚҰҚЫҚТЫҚ ТЕКСЕРУ

Авторлар

  • Меруерт Газизхановна Конурбаева Университет Кунаева

DOI:

https://doi.org/10.52026/2788-5291_2025_80_4_451

Кілт сөздер:

әкімшілік іс жүргізу, әкімшілік орган, талап қою, әкімшілік акт, әкімшілік іс, рұқсат етілу, әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қарау, соттылығы

Аңдатпа

Бұл мақалада соттардың әкімшілік талап қоюдың рұқсат етілу өлшемдерін оның мәні бойынша қарауға дейін тексеру тәртібі көрсетілген. Әкімшілік талап қоюдың рұқсат етілуі ұсынылған талаптың белгіленген іс жүргізу нормаларына сәйкестігін білдіреді. Әкімшілік талап қоюдың рұқсат етілуін тексеру үшін келесі аспектілерді ескеру қажет: істің әкімшілік сот процесстік тәртібімен қарауға жататындығын және соттылығын, талап қоюды беру мерзімінің сақталуын және салалық заңнамаға сәйкес міндетті алдын ала сотқа дейінгі шағымдану тәртібін, талап қоюдың ресми талаптарға сәйкестігін, атап айтқанда, даудың мәнін зерттеуді, сондай-ақ әкімшілік талап қоюшы мен жауапкердің болуын тексеру қажет. Осы мәселелерден басқа, соттар талап арыздың іс жүргізу заңнамасында көзделген өзге де талаптарға сәйкестігін тексеруі тиіс. Егер талап қою кемшіліктермен (қате жауапкер, сәйкес келмейтін соттылық, мерзімнің өткізілуі) берілсе, сот оны Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 138-бабының 2-бөлігіне сәйкес қайтарады. Талап қоюдың іс жүргізу талаптарына сәйкестігін ерте кезеңде тексеру уақыт пен артық шығындардың алдын алуға мүмкіндік береді. Осылайша, әкімшілік талап арыздың рұқсат етілуін тексеру – сот талқылауының заңдылығы, тиімділігі және әділдігін қамтамасыз етудің қажетті процесі болып табылады. Қазақстанның әкімшілік соттарындағы талап арыздың рұқсат етілу критерийлері жылдар бойы қалыптасқан сот тәжірибесі негізінде талданады, оған қайтарылған талап арыздар бойынша статистикалық деректер, әкімшілік істер санаттары бойынша қысқаша шолулар мен талдаулар және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы жүргізген зерттеулер жатады. Мақалада келтірілген мысалдар практикалық қызмет атқаратын заңгерлерге көмек көрсетіп, оларға бағыт-бағдар бола алады.

##submission.downloads##

Жарияланды

23.12.2025

##submission.howToCite##

Конурбаева, М. Г. (2025). ӘКІМШІЛІК ТАЛАП АРЫЗДЫ МӘНІ БОЙЫНША ҚАРАУҒА РҰҚСАТ ЕТІЛУІН ҚҰҚЫҚТЫҚ ТЕКСЕРУ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 80(4). https://doi.org/10.52026/2788-5291_2025_80_4_451