ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖЕР ЗАҢНАМАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫНДАҒЫ МЕНШІК ИНСТИТУТЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.52026/2788-5291_2026_81_1_119Кілт сөздер:
жер заңнамасы, меншік институты, құқықтық реформа, салыстырмалы талдау, құқықтық модельдеуАңдатпа
Ұсынылып отырған ғылыми мақала тарихи құқықтық тұрғыдан Қазақстан Республикасының жер заңнамасын қалыптастыру және дамыту контекстіндегі меншік институтының проблемаларын құқықтық ғылыми талдауға арналған. Мақалада жер қатынастарын реттеудің тарихи, құқықтық және экономикалық аспектілері қарастырылады, құқықтық қайшылықтарға, нормативтік-құқықтық базаның олқылықтарына, заңнамалық актілердің жүйесіздігіне және ведомствоаралық өзара іс-қимылдың күрделілігіне байланысты негізгі проблемалар анықталады. Қазақстан Республикасының жер заңнамасының қалыптасуы мен дамуында меншік институтының эволюциясы мен меншік институтының бекітілуі қоғамның экономикалық әл ауқатына ықпалы анықталды.
Зерттеудің мақсаты Қазақстан Республикасының жер заңнамасын қалыптастыру және дамыту процесінде меншік институтының проблемаларын жан-жақты талдау болып табылады. Мақалада жер қатынастарына қатысты құқықтық нормалардың тарихи эволюциясын қарастыру, негізгі құқықтық және институционалдық проблемаларын қарастырып, осы саладағы заңнаманы одан әрі жетілдіру перспективаларын анықтау көзделеді. Зерттеудің әдіснамалық негізі бар мәселелерді жан-жақты бағалауға және оларды шешу жолдарын ұсынуға мүмкіндік беретін салыстырмалы талдау, жүйелік тәсіл және құқықтық модельдеу болып табылады.
Авторлар жерге меншік институтының тарихи даму кезеңдерін ғылыми тұрғыдан негіздей білді. Мақаладағы негізгі идеялар жер қатынастарын құқықтық реттеуді зерттеуге арналған болашақ ғылыми жұмыстарға негіз болуы мүмкін. Сонымен қатар, мемлекеттің, бизнестің және азаматтардың мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз етудің маңыздылығы атап өтіледі, бұл экономикалық өсуді, әлеуметтік әділеттілікті және аграрлық сектордың тұрақты дамуын қамтамасыз ететін құқықтық механизм құруға мүмкіндік береді.

