ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАР САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ

Авторлар

  • Аида Бахытжанқызы Қайжақпарова

Кілт сөздер:

ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қорық, қорық аймағы, табиғи резерва, табиғи резерват, дендрологиялық парк, экологиялық дәліз, орман алабы, қорғау аймағы.

Аңдатпа

 Мақала республиканың ерекше қорғалатын табиғи аумақтары саласындағы заңнаманың дамуын тарихи талдауға арналған.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы ерекше табиғат қорғау, ғылыми, мәдени, эстетикалық, рекреациялық және сауықтыру маңызы бар табиғи кешендер мен объектілер орналасқан жер, су беті және олардың үстіндегі әуе кеңістігі учаскелерін ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызады. Бұл учаскелер мемлекеттік билік органдарының шешімдерімен шаруашылық пайдаланудан толық немесе ішінара алынып, олар үшін ерекше күзет режимі белгіленеді.

Бірегей және типтік табиғи кешендер мен объектілерді, көрнекті табиғи құрылымдарды, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі объектілерін, олардың генетикалық қорын сақтау, биосферадағы табиғи процестерді зерттеу және оның жай-күйінің өзгеруін бақылау, халықты экологиялық тәрбиелеу мақсатында ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұйымдастыру, қорғау және пайдалану саласындағы қатынастар Конституциямен, Орман Кодексімен, Жер кодексімен, экологиялық Кодекспен, "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы", "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Заңдарымен реттеледі», "Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы" заңдарымен және т. б.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғауды құқықтық реттеу қажеттілігі заң жүзінде белгіленген ерекше нормалар мен ережелер бойынша пайдаланылатын табиғи және жартылай табиғат экожүйелерінің кең ауқымымен табиғи қорғалатын аумақтарды теңдестірудің орындылығы туралы мәселенің практикалық қызметте пайда болуымен түсіндіріледі

##submission.downloads##

Жарияланды

30.09.2020

##submission.howToCite##

Қайжақпарова, А. Б. (2020). ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАР САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ. «Qazaqstan Respyblikasy Zannama jäne Quqyqtyq Aqparat Institytynyn Jarshysy» Gylymi-Quqyqtyq Jurnaly («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналы), 3(61). Retrieved from https://vestnik.zqai.kz/index.php/vestnik/article/view/176

Журналдың саны

Бөлім

Құқықтық мониторинг